Қазақ прозасының өркендеуіне өз үлесін қосқан ағамыздың бірі – Қабдеш Жұмаділов. Бала кезінде тәуір дойбышы болған. Ол кездегі дойбы тасы - қойдың жіліншігінің басындағы қызасықты екі бөліп, қолдан бояп жасап алатын көшпенділердің дойбысы. Дойбының арқасында тамақ асырап, қарын тойғызған күндер де басынан өткен екен. Шахмат пен картаны да жақсы ойнаған. Преферансты бірсыдырғы ойнағанмен: «Картаға күндер,кештер, түндер кетеді, яғни уақыттың жұты десе де болады», - деп мойындаған. Шашын Жанғазы деген бір шаштаразға ғана алдырған. Тұрақтылықты қадірлейді. Бильярдты «тасқаяқ» деп аударған да ағамыз. Бильярд ойнағанда қаның тарап, бой жазасың деп мойындауымен қатар, қамшы, домбыра жинаған, қосауыз мылтығы болған. Көп уақыты кітап оқу мен жазуға кеткен.
Абонемент бөлімінің кітапханашысы Ахмадиева Алмагүл