Қаламгерлер хоббиі

Қазақ прозасының  дамуына өзіндік үлес қосқан ағамыздың бірі – Қалихан Ысқақ. Балалық шағы Қатонқарағайдың  Топқайың ауылында өткен.Сабағымен қоса  анасына көмектесіп, үй  шаруашылығына ұқыпты,жауапты болған. 8-сыныптан бастап әңгімелер жаза бастаған. Өзінің  көптеген шығармаларымен халық жүрегінен орын алған жазушы.Әдеби ортада Қалихан,Әкім, Қабдеш, Рамазан, Сайындар  «Бес тапал» атанған достар екен. Олардың бойлары аласа болғанымен , арманы биік, ойлары терең , жөн-жосықсыз қиянатқа жол беріп, шегініп кетпейтін қайсар мінезді Қалекеңнің жаны жайсаң, жүрегі жұмсақ болғанмен, әдебиет, өнер мәселесіне келгенде ешкімді тыңдамайтын, айтқанға көнбейтін өте қыңыр адам екен. Оның мұнысы халықтың рухани өміріне деген жанашырлықтан,зор жауапкершіліктен туған қасиет деп түсінуіміз қажет.

Қазақ –орыс тілдерінде бірдей сауатты да шебер жазатын  жазушы  Ахан Нұрманов соңғы  жазып жатқан «Құланның ажалы» романын  аяқтай алмай өмірден өткен. Жұбайының өтінішімен соңында қалған еңбектерін реттесуге көмектескен достары Әкім,Рамазан, Қалихан үшеуі  жазушының орысша мазмұндап қойған соңғы тараулардың қысқаша  жоспарын тауып алады. Сенесіз бе, жазушының ойындай етіп жымдастырып Қалихан аға жазып, аяқтап шыққан.Бұл оның дос еңбегіне адалдығы, шығармашылық жолдағы биік таланты. 

Тексеруден өтіп, түзетілген беттерді  қайта көшіріп: «Жазғаның оқығанда ғана емес,қарағанда  да сүйкімді болу керек ,-» дейді екен. Тазалықты, әдемілікті, шыншылдықты жаны сүйген.Жақсы көретініне ғана айтатынын «Харамын »Асқар Сүлейменов осы Қалиханға да айтыпты.Қазақтың қайнар ортасынан шыққан, бар мінезі, сөзі,ісі, алдына қойған мақсаты сол өз халқының арман - тілегімен сәйкес жаралған төл перзенті жазушы ағамыздың шұрайлы шығармаларын оқиық.

Абонемент бөлімінің кітапханашысы Ахмадиева.А.С.