Құрметті, өнер сүйер қауым!

       Кеншілер қаласында 6-8 ші ақпан күндері Сарыжайлау кинотеатрында Қарағанды облысындағы «Қазақфильм күндері» өтеді. Қаламыздағы рухани ордамыз кітапхана аталмыш шараға кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге ұлттық кино өнеріміздің қалыптасу, даму тарихымен таныса отырып, кино әлемінің бүгіні мен ертеңі туралы қорымыздағы жаңа кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды. Ерекше назар аударатын кітап ол: «Кино Казахстана. Кто есть кто». Кітап Мәскеу қаласында 2003 жылы басылып шыққан. Бұл кітап қазақ кино өнерінің майталмандары туралы деректермен қоса қазақфильм, мосфильмде түскен кинолар туралы толық мәліметтер ұсынылған. «Киносценарий» жинақтары және қазақ киносының дамуына ерекше үлес қосқан, кино әлеміне өз қол таңбасын қалдырған «Шәкен Айманов», «Асанәлі Әшімов» және «Сатыбалды Нарымбетов» туралы фотоальбомдары «Сарыжайлау» кинотеатрына келген өнер сүйер қауымды кітап арқылы кино әлеміне қызығушылығын арттыратына  сенеміз.

      Бір кісідей мәдени іс-шараға қатысып, кітап көрмесіндегі кітаптарды бірге оқиық!