Мәдени шараларының ақпараттық дайджесті. Наурыз

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2020 жылдың 1-31 наурыз күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

2 наурыз (дүйсенбі)

Көктемгі мерекенің қарсаңында оқырмандарды «Бақ берекем, құт мерекем-әз Наурыз» атты кітап көрмесі қарсы алады. Көрмеде Наурыз мейрамын мерекелеудің тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы баяндайтын кітаптар мен журналдар қойылған.

Наурыз – бұл қазақтардың, сондай-ақ көптеген Азия халықтарының тойланатын бес мыңнан астам жылдық тарихы бар, әр жылдың ең басты мерекесі.  Наурыз – бұл көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басы, жаңа өмір. Наурызды тойлаудың мәні тереңнен бастау алады, яғни табиғатқа бас ию мерекесіндей.

2 қабат, абонемент

2 наурыз (дүйсенбі) сағ.15.00

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктемгі портрет = Spring’s portrait = Весенний портрет» атты ағылшын тіліндегі пікірталасқа шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал

3 наурыз (сейсенбі)

Т. Әбдіразақовтың туғанына 100 жыл толуына және Е. Букетовтың 95 жылдығына арналған «Өлкеде өмір ізі қалған» атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.

2 қабат, өлкетану бөлімі

5 наурыз (бейсенбі) сағ.16.00

«Жүректегі жыр көктем» атты Ақын Эльмира Орынбаеваның шығармашылық кешіне шақырамыз. Шығармашылық кеш аясында «Formula» жыр жинағының тұсаукесері өтеді. Э. Орынбаева «Жыр-Жауһар» клубының негізін қалаушылардың бірі, «Кәусар» өнер мектебінің жетекшісі және облыстың мәдени-көпшілік іс-шараларын ұйымдастырушы болып табылады. Кеш ерекше форматта өткізіледі. Шараға облыс ақындары мен жазушылары қатысады.

Барлық поэзия сүйер қауымды шақырамыз!

3 қабат, оқу залы

13 наурыз (жұма)

«Наурыз – жыл басы = Наурыз - жаңа жыл басы» атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз. Наурыз мейрамы – көптеген халықтармен күн мен түннің теңелген күні тойланатын және көктемнің келгенін білдіретін ежелден келе жатқан Ұлы мейрам. Көрмеде Қазақстандағы Наурыз тарихын, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, Қазақ киіз үйі, ұлттық тағамдар және Наурыз мейрамымен байланысты басқа да қызықты фактілер туралы баяндайтын кітаптар ұсынылады.

3 қабат, оқу залы

15 наурыз (жексенбі) сағ.12.00

«Әдеби қонақжай» клубы «Наурыз достарын шақырады!» атты кездесуге шақырады.  Онда Теміртаудағы «Магнит» әдеби бірлестігінің өкілдері қатысады.

2 қабат,  конференц- зал

15 наурыз (жексенбі) сағ.15.00

«Қош келдің, Наурыз, көктем мерекесі» атты дәстүрлі жыл сайынғы кездесуге шақырамыз. Кездесудің ұйымдастырушылары «Жыр-жауһар» клубының мүшелері.

2 қабат, конференц- зал

18 наурыз (сәрсенбі) сағ.15.00

Халықаралық әдебиеттер бөлімі салт-дәстүрді білуге арналған «Наурыз – көңіл шуағы=Spring Festival – Nauryz holiday=Наурыз светлое настроение» викториналық ойынға қатысуға шақырады.

2 этаж, конференц-зал

19 марта (четверг)

Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 205 жыл толуына арналған «Күй күмбезі – Тәттімбет» атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.

3 этаж, өнер туралы әдебиеттер бөлімі

20 наурыз (жұма) сағ. 15.00

Халықаралық әдебиеттер бөлімі Қазақстандағы еріктілер жылына арналған «Кітапхана – еріктілер орталығы=Библиотека – место встречи Волонтёров=The library is place for volunteers»  тренингіне қатысуға шақырады.

2 этаж, конференц-зал

20 наурыз (жұма) сағ.  18.00-дан 22.00-ге дейін

Баршаңызды «Наурыз party» форматында өтетін кезекті «Кешкі P.S.» кешіне шақырамыз. Бағдарламада - шығармашылық кездесулер, ұлттық ойындар мен викториналар және т. б.

1 қабат, коворкинг-орталығы, қызмет көрсету бөлімдері

31 наурыз (сейсенбі) сағ.15.00

Өнер әдебиеті бөлімі Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты К. Жұмабековтың 70 жылдығына арналған «Өмірін өнерге арнаған» атты кездесу кешіне шақырады.

2 қабат, конференц-зал