Қатерлі дерт, қалжыраған халық бейнесі атом ядролық жарылыс сынақтарын еске салмай қоймас.
1949 жылдың тамызында әуеде, жер үсті мен жер астында атом ядролық жарылыс сынақтары жүргізіліп, салдарынан қасиетті шұрайлы өлке экологиялық қауіпті аймаққа айналды. Мұхиттың арғы жағын тесіп өткен жарылыс, күллі әлемді дүр сілкіндіріп халықтың ұйқысын қашырды. Миллионнан астам Қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығы қаруланудың құрбандығына шалынды. Аспан әлемінен жаңбырмен қоса күкірт тәріздес қышқыл жауып адамзатқа кері әсерін тигізді. Бастапқы да зер салмаған халық, уақыт өте түрлі ауруларға шалдығып, аяғы ауыр келіншектердің кемтар балаларды өмірге әкеле бастауы ұлттың жойылып кетуімен пара – пар бола бастады. Қасіретін көзбен көріп, жүрекпен терең сезінген ақын публицист О. Сүлейменов пен Елбасы Н. Ә. Назарбаев атом ядролық сынақ полигоның жабу туралы әлемге үндеу жариялады. Тәуекелдің қайығына мінген елбасымыз дер кезінде тарихи шешім қабылдады.
Міне, сондықтан да Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның Президенті болып сайланған алғашқы күннен өз жерінде ядролық жарылыстардан зардап шеккен халқының тілегі мен сұранысына сай Семей ядролық сынақ алаңын жабу, сонымен қатар республика территориясында молынан орналастырылған аталған қару түрлерін аластау мақсатындағы жою жұмыстарының бастаушысы және жетекшісіне айналды. Ядролық қарудан бас тарту мақсатында 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. Нәтижесінде қысқа мерзімде «Елбасының бастамасымен дүниежүзіндегі ең ірі Семей ядролық полигоны біржолата жабылып, ядролық қарудың әлемдегі төртінші арсеналы жойылды. Қазақстан әлем тарихындағы ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан бірінші ел болды». Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапынан тәуелсіздік жылдарында жүргізіліп келе жатқан сыртқы саясаттың ең бастысы ядролық қаруға қарсы Қазақстанның өзіндік көзқарасы болып табылады.
1991 жылы Қазақстан аумағында әлемдегі ең ірі антропогендік экологиялық апат: Семей ядролық полигоны және Арал теңізінің қасіреті орын алған болатын. Кеңестік ядролық сынақтар салдарынан 1,5 миллион қазақстандық зардап шекті. Олардың көпшілігі радиация салдарынан сырқатқа шалдығып, көз жұмды. 40 жылға созылған ядролық сынақ кезеңінде 500 – ге жуық ядролық жарылыс жасалынды. Осының кесірінен орасан зор аймақ ластанды және жүздеген жылдарға дейін адамдардың өмір сүру үшін қажетсіз құла дүзге айналды.
Қазақтың ұлан ғайыр даласы Семей ядролық сынақтарының залалы мен зардаптарына айыға қойған жоқ. Күні бүгінге дейін Семей өңірі қатаң бақылауда. Адам денсаулығы басты назарда. Елбасының көреген саясатының арқасында егемендікке қол жетіп шуақты күнге қол жеткіздік. Арайлы таңымыз тыныштық пен бейбітшілікте атып, ядролық қарусыз әлемде күн кешудеміз. Аллаға сансыз шүкір бейбіт күніміз сөнбесін. Ядролық сынақтар жер бетінде енді қайталанбасын деген тілекпен болашақтан жарқын үміт күтеріміз сөзсіз.
Қазақ елі аман болсын!
Мерзімді басылымдар секторы: Жаркеева Гульдана