Қалихан Ысқақ - 85 жыл

Биыл көркем сөздің хас шебері Қалихан Ысқақтың туғанына 85 жыл толып отыр. Əдебиет жанашыры Қалихан Ысқақ туралы бүгінгі оқырман не біледі екен?!
 1935 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған жазушының балалық шағы да сол өңірде өткен.Бір шығармасында бірнеше  тақырыпты қамтитын жан -жақты Қалихан Ысқақтың шығармалары бүгінде көпшілік сұранысына ие. Атап айтсақ, олар:
«Дос хикаясы», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны», «Күреңсе», «Қоңыр күз еді» повестер жинағы, «Березовая роща», «Кедры высокие» жинақтары, «Тұйық», «Қара орман», «Ақсу – Жер жаннаты» романдары, «Жарық дүние», «Қазақтар» пьесалар жинағы.
Оның жиырмаға жуық пьесасы республикалық, облыстық драма театрларының репертуарларына енді. Солардың басты-бастылары: «Қараша қаздар қайтқанда», «Таңғы жаңғырық», «Есеней – Ұлпан» т. б. Сонымен бірге, кітапханамызда жазушы жайлы мерзімді басылымдар да жетерлік.
Құрметті оқырман көркем  əдебиетпен сусындап, руханиятымызды дамытайық!

Абонемент бөлімінің кітапханашысы Ақниет Е. Қ.