Онлайн іс-шаралар афишасы. 2020 жыл, мамыр.

Шуағын шашқан Мамыр айы да келіп жетті. Бұл мезгілде табиғаттың гүлденуі көз қуантады. Бұл көктемнің соңғы – ең жылы айы, дегенмен жазғы лебі әлі де сезіле қоймайды. Мамыр айы – Қазақстан халқының Бірлігі мерекесі (биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аталып өтуде), 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні секілді айтулы мерекелерге толы ай. Сондай –ақ, биыл 9 мамырда бүкіл ел Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өтеді.

Қазақстанда ТЖ режимі енгізілгеніне қарамастан, біздің кітапхана онлайн режимде жұмыс істейді – бұл пайдаланушыларға онлайн - қызмет көрсету, виртуалды кітап көрмелері, онлайн-кездесулер, әдебиеттерге бейне-шолулар және т.б. Әр апта сайын Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі онлайн-іс-шаралар анонсын жаңартып тұрамыз.

Мамыр айының 1-нен бастап 31-не дейін өтетін онлайн іс-шаралар

1 мамыр (жұма) 

«О чем писали газеты» сандық жобасы: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы «Индустриальная Караганда» газетіне шолу. www.karlib.kz, Instagram, Facebook, Youtube.

1 мамыр (жұма)

Қазақстан халқының Бірлігі мерекесіне арналған «Дружба и братство – лучшее богатство» атты көркем әдебиеттерге бейне шолу. www.karlib.kz, Instagram, Facebook, Youtube

2 мамыр (сенбі)

«Өнегесі көп Өмір аға»: Жазушы Өмір Кәріпұлының 80-жылдығына арналған виртуалды кітап көрмесі. www.karlib.kz, Instagram, Facebook, Youtube

3 мамыр (жексенбі)

«Профессии будущего»: Ақпарат уақыты Instagram

4 мамыр (дүйсенбі)

Жеңістің 75 жылдығына арналған «Майданнан хат...» Желілік акция www.karlib.kz, Instagram, Facebook, Youtube

4 мамыр (дүйсенбі)

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы баспа қызметі» атты блогқа жазба blog.karlib.kz 

4 мамыр (дүйсенбі)

«Символ единения и связь времен»: Ғалым-археолог Ә.Х. Марғұланға арналған виртуалды кітап көрмесі. www.karlib.kz, Instagram,  Facebook, Youtube 

5 мамыр (сейсенбі) сағ. 11.00

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңістің өшпес шырағы» атты облыстық байқаудың онлайн қорытынды кеші өтеді. Тікелей эфир. Instagram

5 мамыр (сейсенбі)

«Жеңістің өшпес шырағы» атты кітап көрмесіне бейне шолу. www.karlib.kzInstagramFacebook, Youtube

5 мамыр (сейсенбі)

«Мәңгілік ел жадында»: Кеңес Одағаның Батыры Қ. Нұржановты еске алуға арналған онлайн-әңгіме. www.karlib.kz, Instagram,  Facebook, Youtube

6 мамыр (сәрсенбі)

«Өлкетану-онлайн» топтамасынан «Областная библиотека в годы войны» тақырыбында онлайн-әңгіме. www.karlib.kz, Instagram

6 мамыр (сәрсенбі)

«Ерлер – елдің қорғаны» Отан қорғаушылар күніне арналған бейне құттықтау

6 мамырәрсенбі) сағ. 15.00

«Война глазами молодых»: ақын Вадим Киммен Тікелей эфир. www.karlib.kz, InstagramFacebook

7 мамыр (бейсенбі)

Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлік пен ар-намыс белгісі» атты виртуалды кітап көрмесіне шақырамыз. InstagramFacebook 

7 мамыр (бейсенбі)

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Қалықта Қаһарман ән» БиблиоАрт. www.karlib.kz, Instagram, Facebook

8 мамыр (жұма)

«Елін сүйген ержүрек қыздар» атты блогқа жазба blog.karlib.kz

9 мамыр (жұма) сағ. 15.00

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым» атты Тікелей эфир

10 мамыр (жексенбі)

«Қазақ вальсінің королі»: Сазгер Ш. Қалдаяқовқа арналған онлайн ұсыныстар

10 мамыр (жексенбі)

«Гоголевканың» онлайн сервистері» бейне нұсқаулық

11 мамыр (дүйсенбі)

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Соғыс жайлы ойланайық» атты киновикторинаға шақырамыз.  www.karlib.kz

12 мамыр (сейсенбі) 

«НеСекретные материалы» атты блогқа жазба. blog.karlib.kz 

13 мамырәрсенбі) 

Француз жазушысы, романист және драматург Альфонс Доденің туғанына 180 жыл толуына арналған блогқа жазба. blog.karlib.kz 

14 мамыр (бейсенбі)

ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған «Бейбітшілік сабағы» атты ақпараттық сағаты. www.karlib.kz, Instagram,  Facebook

18 мамыр (дүйсенбі)

ҚарМУ-дың тұңғыш ректоры Евней Арыстанович Бөкетовтың 95 жылдығына орай «Человек большой величины» атты музей бойынша виртуалды экскурсия. www.karlib.kz, Instagram,  Facebook

19 мамыр (сейсенбі)

Журналист В.М.Могильницкийдің 80 жылдығына арналған «Всегда с народом...» атты виртуалды кітап көрмесі. www.karlib.kz, Instagram, Facebook, Youtube

20 мамыр (сәрсенбі) 

Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған «Мәдениет - ұлттың алтын арқауы» атты бейне шолуы. www.karlib.kz, Instagram, Facebook, Youtube

25 мамыр (дүйсенбі)

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Ащы шындық» атты виртуалды кітап көрмесі. www.karlib.kz, Instagram, Facebook, Youtube