Биыл Алтын Орда хандығына 750 жыл толып отыр. Осы орайда қазақ хандығының шығу тегі, сақтар мен ғұн, түркі қағанаты және хандық дәуірдің қалыптасуымен құлдырауына тағы да тоқталуды жөн санадық.
«Жеті атасын білмеген ел жетесіз,
Жеті ғасыр тарихын білмеген ер жетесіз» –деп, дана халқымыз айтпақшы адамзат баласы өзінің шежіресін, руын, тарихын, әдебиеті мен мәдениетін білгені абзал!
Ұлы Дала Елі – қазақ халқының атауының синонимі екені баршамызға тарихтан аян. Қазақстанның дархан даласы тұнып тұрған тарихи өлке. Қазақ мемлекетінің іргетасының қалануы ру, тайпа, сақ, ғұн, түркі қағанатынан бастау алады.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай «Қазақ - қуғыншы халық». Ол өмір бойы өзін іздейді, ата – бабасын іздейді, кешегі күнің, болашағын іздейді. Шежіре әр адамның жоғын тауып береді, ата – бабасының өрлігін, ерлігін, тектілігін айшықтап анықтап береді.
Қазақ халқының негізін құраушы ру – тайпалардың бірлесіп аң аулауы, жыртқыш аңдарға қарсы тұруы, одақтасып от жағуы сынды әрекеттері адамзат баласын топтастырды. Қауымдасып, бірігулер барысында әуелі әулеттік негізде жеке ру пайда болып, өз ішінде жіктеле бастады. Осындай руға жіктелгендердің саны көбейгенде, олардың басын біріктіретін ортақ ұжым – тайпа құрылымы өмірге келе бастады. Тайпалар бірлестігі әртүрлі халықтардың пайда болуына негіз болды. Адамзат баласының топтасып, ұжымдасып өмір сүруінен рулық –тайпалық жүйелер қалыптасты.
Қазақ халқының ата – бабасының шығу тегі шежіреден бастау алады. Әртүрлі рулардың топтасуына байланысты «Үш жүз» пайда болды. Орта жүз, Кіші жүз, Ұлы жүз. Руаралық байланыс жеті атамен анықталды. Жеті атаға дейін қыз алыспаған. Туыстық қарым – қатынасқа жоғары қараған.
Орта жүздің мекендеген өңірлері: Орталық және Шығыс Қазақстан.
Арғын, Найман, Керей, Уақ т.б. тайпалар топтастырылған. Орта жүзді Бекарыс деп те атайды.
Кіші жүз – Батыс Қазақстан, Сырдарияның төменгі ағысын мекендейді. Тайпалары: Табын, Адай, Жағалбайлы, Төртқара т.б. Кіші жүз Жанарыс.
Ұлы жүз – Оңтүстік Қазақстан, Жетісуда орналасты. Дулат, Албан, Үйсін, Суан т.б. тайпалар. Кейбір деректерде Ақарыс деп атайды.
Ерте замандағы руға тоқталатын болсақ: әр руда ондаған рулас адам болды, алғашында ұжымдағы барлық жұмыстар аналар атқарды. Аналардың беделі басым болып, рулық бөліністе аналар үстемдігімен анықталды. Рулық қауымның барлық мүшелері өзара тең деп есептелді. Жер, баспана, еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Ру ішіндегі мәселелер жалпы жиналыста қарастырылып, ақсақалдар сайланды. Ақсақалдарды сайлау барысында ең сыйлы, құрметті, ер жүрек адам таңдау басты назарда болды. Ақсақалдардың атқарған міндеттері даулы мәселелерді шешу, аң аулайтын, мал жаятын жерлерді бөліп берді. Адамдардың бәріне тең құқық қадағаланды.
Рулық бірлестіктерді басқаратын көсемдер сайланды. Б.з.б. 1 мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағын мекендеген халықтар мал шаруашылығымен айналысты. Жайылымдық жерлерге ауысу барысында, көшпелі мал шаруашылығы пайда болды. Мұнымен қатап көшпенділер арасында мәдениет те дамыды. Б.з.б.8-6 ғасырларда Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалар темірді пайдалана бастады. Бұл кезең тарихта тас, қола дәуірінен кейінгі ерте темір дәуірі деп аталды.
Өткенін білмес, бүгіннің қадірін бағалай алмайды. Ендеше, тарихта еш нәрсе жоғалмайды, ескірмейді, өлмейді.
Ру тайпалар бірлестігінің нәтижесінде сақ тайпалық одақтар пайда болды.
Мерзімді басылымдар секторы: Жаркеева Г.А.