Қазақстанның табиғи орындары

Табиғатым, тіршілігім, ырысым,

Сенсіз менің тарылады тынысым.

Биік – биік тауларыңа қарасам,

Алшаң басып, түзіледі жүрісім.

Елімізде табиғат сыйлаған ғажайып орындар жетерлік. Исі аңқыған гүлдерге толы құлпырған далалар мен биіктігі бұлттарға жетіп бірақ тоқтайтын жұмбақ таулар әрдайым жұртшылық қызығушылын арттырып келе жатқандығы көңіл қуантады. Қазақстан өзінің табиғаты жағынан көркемдігімен және биологиялық әртүрлілігімен танымал. Әр аймақ өзінің табиғи сұлулығына бай. Солардың бірі әрі бірегейіне тоқталатын болсақ...

Баянауыл тауларына бұрын-соңды барған адам міндетті түрде қайтадан оралады - демалыста емделеді деп айтады. Жасыл қарағайлармен, қайыңдармен және қарағай тоғайларымен жабылған төмен таулар, емдік ауасы мен тазалық сезімі жыл сайын мыңдаған туристерді тартады, Жасыбай, Сабындыкөл мөлдір көлдері, Қоңыр Әулиенің «қасиетті үңгірі» көпшіліктің қызығушылығын арттырары сөзссіз.

«Қазақстанның Швейцариясы» аталып кеткен, қазақ даласының оазисі, Қазақстанның інжу-маржаны - атақты Бурабай курорттық аймағын білмейтін жан жоқ, сірә. Көкшенің көк көлдері, қылқан жапырақты және қайыңды ормандары, әсем таулары мен төбелері талайды тамсындырыа келеді. Ең танымал көлдерінің бірі – Бурабай көлі деп аталады. Оның ортасында Сфинкске ұқсайтын Жұмбақтас жартасы орналасқан. Бурабай табиғаты бүгінде таза ауасымен әйгілі елдегі ең танымал курорт болып саналады.

Жер жәннаты - Жетісу жері көптеген құпияларға толы. Көрнекті жеті өзен тоғысқан киелі өңірдің табиғатын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жоңғар-Алатаудың тау жоталары, өзендері, мөлдір таза сулары дертке –дауа, емге – шипа екенін біреу білсе, біреу білмес. Осы аймақта орналасқан Қора, Чиже және Текелі өзендерінің шалғынды алқаптары Қаратал өзенінің жалғыз ағысына қосылады.

Алакөл көлі - Қазақстан даласында жоғалған таңғажайып көл. Ол ежелгі дәуірде Шыңғыс хан әскерлерінің жараларын сауықтырған «қасиетті көл» деген аңыз бар. Алакөл суы, Қара теңіз, Өлі теңіз және біріккен Ыстықкөл суларымен ем алушылар емделеді.

Балқаш көлі - Каспий және Арал теңіздерінен кейінгі ең үлкен су қоймасы. Көлдің шығыс жартысында тұзды су, ал батысында - тұщы су бар. Сондықтан су асты әлемі мен осы әдемі және ерекше жердің әр түрлі бөліктеріндегі тұрғындар түбегейлі ерекшеленеді. Көл бірден Қазақстанның үш аймағында орналасқан: Алматы, Жамбыл және Қарағанды. Қазақтың ұсақ төбешіктері көлдің солтүстігінде, ал жазығы Бетпақдала болып батысқа қарай созылып жатыр,  оңтүстігінде Шу-Іле таулары, Тауқұм мен Сарыесік-Атырау құмдары жатыр.

Қазақстанның қай бөлігін алып қарасақ та, табиғи жерлерге бай. Соның ішінде кеншілер астанасы Қарағанды облысы да әсем әрі көрікті жерлерімен көпшілік назарына ілінген.

Ұлытау таулары - ежелгі уақытта Сарыарқаның орталығы болған. Көшпелі халықтардың хандары осында болуды жақсы көретін. Жеңімпаз Бату хан өзінің жорығын осы жерден бастады. Бұл жерде баға жетпес археологиялық ескерткіштер сақталған: кесене, қорғандар, құлпытастар, алтын, күміс, мыс және қалайы балқыған ежелгі металлургиялық пештер, сондай-ақ петроглифтер мен үңгірлердің суреттерін де осы өңірден кездестіруге болады.

Қарқаралы Сарыарқаның інжу-маржаны деп аталуы кездейсоқ емес. Қарқаралы таулары мен ормандарының әсем табиғаты, аңғарларындағы жайқалған өсімдіктері, көлдері мұның бәрі мұнда болған адамдар үшін ұзақ уақыт есте қалады. Қарқаралы сиқырлы магнит сияқты саяхатшыларды, туристерді және спортшыларды, қазақ табиғатын сүйетіндердің бәрін өзіне баурап алады.

Қазіргі таңда Қарқаралы қаласы – Қарағанды облысының орталығы болып табылады. Қарағанды қаласынан 220 километр қашықтықта, теңіз деңгейінен 815 м. биіктікте жатыр. Орталық Қазақстанның ғана емес, күллі  қазақ жерінің мақтанышына айналған Қарқаралыны «Қазақстанның Швейцариясына» балап жатады. Төбесін көкке көтерген  таулар, мәңгі жасыл қарағайлар мен шыршалар, көлдер мен өзендер осы жердің сәнін әсерлей түседі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 желтоксандағы № 212 арнаулы қаулысына сәйкес Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылған. Негізгі мақсаты – Қарқаралы және Кент кешендеріндегі өте сирек кездесетін экологиялық, тарихи, ғылыми, әсемдік жағынан ерекше құнды орман алабын сақтау және қалпына келтіру.

Қазақстан - Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде, өз қонақтарын әрқашан қонақжайлылықпен қабылдайтын,  көркем табиғатымен және тарихи орындарымен қызықтыратын көрікті ел екенін мақтанышпен айта аламыз.

 

                                                                                                                                                                                                                    Абонемент бөлімінің кітапханашысы Абдулганитова А.