Жолың болсын, жас түлек!

Адам баласының ғұмырындағы аса ардақты, ең ыстық кезеңдердің бірі – мектеп қабырғасында алаңсыз асыр салып өскен оқушылық шағы. Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Түлектер өздерінің  он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін үлкен өмірге қанаттандырады. Бұл сәт әр мектеп бітіруші түлекке тарихи оқиға. Мұғалімнің берген сапалы білімі мен саналы тәрбиесі шәкірттердің жүрегінде сақталып, жадында мәңгі қалмақ. Осы мәңгілік борышты өзінің адамгершілік парызы санап, аналық қамқорлығым деп түсінген ұстаздар қауымына да құрмет ерекше. Олар оқушыларының әрбірінің  кірпіш болып қаланып, өз өмір жолдарын адаспай табуына тілектес.

Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастарымыздың қолында. Ал жастар ұлттық кодтың өзегін сақтай отырып, болашаққа қадам басуы қажет. Білім – рухани жаңғырудың  басты алғы шарты» деген болатын. Расында ой жүйесі терең, пікірі нық адам ғана бәсекеге төтеп бере алады.

Еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы мемлекеттің алдағы уақытта жетер жетістігі мен алар асулары осы жастарымыздың қолында. Сондықтан да Ұлт Көшбасшысы жастарға сапалы білім, саналы тәрбие ала отырып, салауатты өмір сүруге шақырады.

Биыл еліміздегі төтенше жағдайға байланысты мектеп бітірушілердің соңғы қоңырау  шарасы бұрынғыдан өзгерек болды. Барлық мектепте мүмкіндігінше ата-аналардың және мектепті үздік бітірген бұрынғы түлектердің қатысуымен 1-10 сыныптарға арналған онлайн соңғы қоңырау өткізілді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов түлектерді телеарналар арқылы құттықтады. Ал, 3 маусым күні 11 сынып түлектері үшін аттестаттар және «Алтын белгі» тапсыру рәсімі мектеп аумағында ашық аспан аясында өтті.

Сөзімнің соңында  түлектерімізге өмір деп аталатын алып күре жолда сүрінбей, тағдырларыңыз жұлдызды  болып, арман деген асқар таудың биігінен көрініңіздер дегім келеді!

Мектеп бітірушілерге алдағы уақытта ұлттық біріңғай тестті тапсыруға дайындалу үшін, қажетті әдебиеттерді мына сайттардан  алуға болады.

 

ҚР БҒМ  оқушылар мен студенттер үшін білімдік ресурстар:

 

www.itest.kz

https://bilimland.kz  

http://www.bymath.net/

https://100ballov.kz/

http://lib.kazsu.kz
http://www.kazneb.kz/

Ресей сайттары

www.elanbook.com

www.iprbookshop.ru

 

 

 

ҚЖӨжКҰБ кітапханашысы Г. Т. Кемельбаева