Еділхан Өміртай

Жүрек мұңы

 Көңілсіз күрсінді түнгі аспан

Жүректің дүрсілін мұң басқан

Көңілім көктемгі  бұлттардай

Ғашықтық  дертімен ымдасқан

 

Қиялым қоналмай көкте жүр

Селдетіп өтермін төкпе жыр

Пенденің кеудесін мекендеп

Кеземін азірше тәтті өмір

 

Кеудемнің қайғысын бөлісші

Сен менің тілімнен мұң ішші

Тәттім- ау мен саған үйрендім

Ақ жарқын үніңмен келісші

 

Қымбаттым, тағы да, алдашы

Жұмбақ  тым  жаңарын, арбашы

Ұйқысыз түндерді жетектеп

Арайлы таңдарға жалғашы

 

Қолдашы тек сенсің сенерім

Төбемнен түнеріп төнер мұң

Адасқан  сезімн алдына

Адасқан нөсермен келермін

 

Сарқылмас бойдағы күшімде

Жасырғын кеуденнің ішінде

Сол қалпы тамшы боп түсемін

Сақташы табиғи пішінде

 

Біз бірақ…

 

Солғын бақ

Көктемнің көркі жоқ бұл маңда

Сол бір шақ

Бақытты сәттерім болған ба?

 

Сен кешір

Есіме аламын тағыда

Теңбіл жыр

Көктемнің гүлсары бағында

 

Күзгі бақ

Мені қойш сұрайды сені әлі

Қынжылат

Болғысы келмейді кіңәлі

 

Күз жылап

Тұрғандай мұңды бақ мұң сұрап

Біз бірақ

Қосылмай кетеміз тым жырақ

 

Өкпелі

Өкініш суретін сызғылап

Кеткелі

Тұр әлі күзгі бақ тұңжырап

 

Өткенді

Есіме салады түн жылап

Кектенді

Көзімнің алдында бұлдырап

 

Кешірші

Тағдырым күзден де мұңдырақ

Өшірші

Бақытты болмаспыз… біз бірақ

 

Сағыныш

 

Себепсіз сені сағына берем

Күз- жанар сенің тағына келем

Көктемгі нөсер селімен бірге

Жазған- ау сірә, бағыма ӨЛЕҢ

 

Сен мені алма есіне мүлдем

Мен жаққа жібер төсінен бір дем

Бөлменің іші,қанырап қалған

Бөленіп бақыт кешінде күлген

 

Сағыныш деген сыбызғы жүрек

Аспанға тарат бір ізгі тілек

Есіне алма, бірақ та қалқам

Кеудене мендік жұлдызды түнет

 

 

Қоштасу.

 

Қоштасу дейсін жүрегін соңы қалай ма?

Өшкен соң сезім қайтару қиын, алайда…

Өкпелі кеттің, жылайда жылай мұң шағып.

Өртеніп кеткім келеді менің қалайда.

 

Қайтейін енді өзінсіз атқан таңым мұң,

Келмеске кеттін, өткізіп сан жыл сағындым.

Көңілді құрғыр, алдамшы сезім билеген,

Көңілсіз кештер, бақытқа жетпей жаңылдым.

 

Қараймын енді, ой салып үнсіз өткенге,

Мұңымды шағып, балауса сағым көктемге.

Мінезім симай, долданған сонау шақтарым,

Мезгілсіз сонда, көз жасын көкте төккен бе?

 

Мені де мүмкін ұмытып кеткен шығарсыз,

Ұмытып кеттің, ұмытқандығың күмәнсіз.

Қайтқан құстардан хат жолдап едім, жете алса,

Аспанға қарап хатымды оқып тұрарсыз!

 

Көктем

Жанарына жанарым ұрын тіккен,

Періштесі сен едің бұрын күткен.

Маза бермей алқымдап сағынышым,

Еркелікпен келіп тұр құлын көктем.

 

Гүл болмысы, солғындау ерте кеткен,

Сағынышқа толы бұл келте көктем.

Бар мұңымды арқалап жылдар бойы,

Самал желге өптіріп еркелеткем.

 

Бір кездері дойырмен осып өткен,

Мені биыл елітер осы көктем.

Жанарыма жас іліп жасырын түн,

Нөсерімен келіп тұр есі кеткен.

 

Іздеп келіп тұрғандай таң сынарын,

Ақ жауынға сәулесі малшынады.

Мен күткендей сарыла күткен болар,

Терезеннің алдында тамшылары.

 

Бәлкім, үміт отыда сөнген шығар,

Сені ойлап ашумен төнген шығар.

Терезеннің алдында тосылып тек,

Шықпасына сен қайта сенген шығар.

 

Тамшы мұң ғой осында өктем еткен,

Елесін тұр орамал желпіп өткен.

Саябақты саялап көктемгі кеш,

Көз алдымда, мен, сені, ертіп өткем.

P.S

Өткенімнен бір белгі осы шығар…

 

 

Түс

Ессіз ғой шала қонған махаббатым

Есінен адасардай аласұрған…

автор

Көңілім түсті еңселі

Хәлдемін сондй тым әлсіз

Сүйемін жаным мен сені

Сенемін саған, күмәнсіз…

 

Алдашы мейлі тағыда

Сынаған болып бірақта

Үмітке толы таңымда

Сен келіп мәңгі тұрақта

 

Түс көрдім тағы сен жайлы

Ада боп барлық арманым

Түсінбес мені енжарлы

Түнімен мені арбадын

 

Әлдилеп тағы түн міне

Барынша мені уатты

Сәулесін шашып сүмбіле

Көрініп көзге қуантты

 

Күнніңде түсіп сәулесі

Таң ата мен де ес жидым

Бітпестей болған әуресі

Тфә, тфә, тфә нәпсімді тидым

 

*****

Ауылдын исі аңқып

Сен келші сағынышты арқалап…

 

Жазымды күз еткен

Жаралы сағыныш

Жүректі мұз еткен

Тағыда жаңылыс

 

Мен тағы дәрменсіз

Күйдемін,

Білмедім.

Күйікқой дәл сенсіз

Өткізген күндерім

 

Сағыныш аралын

Келемін кезіп тек

Таусылып амалым

Түсімде кезіктік

 

«Белгісіз үміттер

Негізсіз алдауы

Тынымсыз үгіттер

Шайтаннын арбауы»-

Деп кейде торығам

 

Мен сондай хәлдемін

Мазасыз мұз өткел

Мен үшін әдемім

Сен сонда түнеп кел…

 

Жүрек оты

 

Ғашық болу бір түрлі,

Артық көрем бір күнімнен бір күнді.

Неге бұлай, неге бұлай жаным-ау,

Жүрегіме неше түрлі жыр тұнды.

 

Өтіп барам мен өзіңнін алдыңнан,

Арман алау, жүрек отын жандырған.

Оңашада оты жанып жүректің,

Сағынышы саған өлең салдырған.

 

Сен екеуміз бірге жүрсек қайықта,

Ескегің боп, алып кетем Жайыққа.

Ағып кетіп Жайыққа,

Ағысында батып кетсем айып па?

 

 

Т- ға

(Секілді)

 

Таң нұрына малшынып

Нәр алатың гүл сынды

Бар үмітің тамшығып

Жаралатың жыр сынды

 

Періштелер тіл қатып

Тілдесетін секілді

Тек мен үшін үн қатып

Күй кешетің секілді

 

Күлкісіне бар әлем

Бас иетің секілді

Қымсынады тар әлем

Қасиетің секілді

 

Саған деген сезімім

Басылмайтын секілді

Саған дейің кезім мұң

Ашылмайтың секілді

 

Сонау бізге бал кезен

Бұйырмайтың секілді

Сынып қалған сол көзем

Құйылмайтың секілді

 

Еркелігін керемет

Болалмайтың секілді

Қайта маған келермет

Оралмайтың секілді

 

Мен сүйген сұлу қайдасын?!

 

Тәңірдін берген сиы дер

Өзінді құшқым келеді

Басқасын қайдам жиі кел

Өзінсің маған керегі

 

Ойымды билеп арбайды

Бейненнің бәрі сағым боп

Күнде де түнде алдайды

Қосағым әрі жарым боп

 

Ғаламға кеткен үнсіздік

Ғарышты торып әлі жүр

Жердегі бітпей күншілдік

Көңілде назды әні тұр

 

Жалғанға шағам мұңымды

Жасырып сүйген періштем

Ой айтар маған тынымды

Мекені болар пейіштен

 

Абайда сүйген Тоғжанын,

Жұматай сүйген Ләйләсін.

Қарадан солай топ жардың

Мен сүйген сұлу қайдасын

 

Налалы жүрек назымен

Шаттыққа бөлер жан ізгі

Біреулер мүмкін жазымен

Кеудеме жырды тамызды

 

Үміттен өктем үн шығар

Сезімді сезім қайрасын

От алып кеудем тұншығар

Мен сүйген сұлу қайдасын?!