Қасиетіңнен айналайын Қарқаралы!

Қасиетті, киелі Қарқаралы,

Туған жерім, кең байтақ Арқадағы,

Тарихымен, тұңғиық сырларыңмен,

Болдың сен ұрпағыңның айтар әні

 

Қойнауың құт, далаң дархандыққа, даналыққа тұнғандай болып, Алаштың арыстарына алтын бесік болған, бақ қонып, қыдыр дарыған, киелі жердің, Мәдениетін басқару 1997-2017 жылдар аралығындағы өнер саласының өркендеуіне үлес қосқанымды, үлкен бақыт сезінем.

Қасиетті Қарқаралы табиғатымен ғана емес, өнерімен, мәдениетімен неше ғасырдан бері асыл мұрамызға айналған ұлттық  өнердің  мәдени алтын ордасы. Осындай шежірелі өлкенің бірі - Сарыарқаның алтын алқасындай Қарқаралы ауданының тоқырау жылдарындағы жабылып қалған мәдени ошақтары, кітапханалар, сатылып кеткен клубтарды қайтарып, қоғам, өнер қайраткерлері Атығай Шанин, Мақат Рымжановтың есімдері халық театрларына берілді. «Халықтық өнер ұжымдарының» саны 9 жетті. Олардың өнері  шетел мемлекеттері Түркия, Голландия, Болгария, Ресейде көрсетілді.

Жеріміздің тарихы аңызға, еліміздің шежіресі – ерлікке толы, тарихы тереңнен тамыр тартқан 400-ге тарта тарихи-мәдени ескерткіштер бар.

 Қазақтың көрнекті ғалымы Әлкей Марғұланның пайымдауынша, осыдан 3200 жыл бұрын  Қарқаралының киелі топырағына адам баласының алғашқы табаны тиген, тіршілік көзі болған. Оған қала маңынан табылған алғашқы адамдардың тұрақтары және көне қорғандар мен мазарлар куә. Қалай десек те, бұл өңірде қазақ халқының тағдырын шешкен сан сұрапыл, жойқын ұрыстардың өткенін тарихтан білеміз. Өлке тарихында қанмен жазылған 1921 жылдың оқиғасы ұрпақтардың есінде. Олар, ақтар қолынан қаза тапқан 78 коммунистердің жиыны өткен , «Қоңыр клуб» үйінің орнына  2004 жылы қаланың 180 жылдық мерей тойына орай, құлашын жая көкке бой көтерген алып «Бәйтерек» мәдени жәдігерлік монументтердің қатарына қосылды. Ұлылардың мәңгі өшпейтін жұлдызы  деп тарихтың тереңінен сыр шерткендей, алаң ішіндегі тақтаға, қасиетті жердің топырағында дүниеге келген, атақты ғұлама адамдар мен мәдениет, өнер, қоғам қайраткерлерінің фотосуреттері қойылды. Алып «Бәйтерек» Қарқаралы тарихынан хабардар ететін киелі орын, бұл жерге – жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлар  тағзым  жасап, келген қонақтар қала тарихымен танысып, халық құрмет тұтатын қасиетті жерге айналды.

Қарқаралының әсем табиғатын, оның тарихын дәріптеуде  қызығушылық танытып өлкетанушылар мен тарихшылар келіп көптеген кино, видео роликтер түсірді. Соның бірі, өзім куә болған түсірілім «Қарқаралы - туған жерім».

Түйіндей келе уақыт таразысына салсақ, Қарқаралының өткенінде небір тарих, ұжымдық еңбек, өрлеу мен жаңару, заман ағысына сай тоқырау мен жаңа күндегі рухани жаңғыру бар.

 

Негізгі құжаттарды сақтау бөлімінің кітапханашысы Жылтыбаева Р.Р.