Сан ғасырлық зұлматтарды, жоңғар шапқыншылығын, Ұлт-азаттық көтерілістер мен «Қазан төңкерісін», бертін келе 1931-1933 жылдары ашаршылықты, 1952-1955 жылдардағы тың игеру саясатына жұмылдырылған да қазақ. Талай жыл тағдыр тәлкегін басыңнан өткердің - ау қазағым. Бабаларымыз осынау қырғыннан аман-есен өткені белгілі. Осының барлығын көре келе:
«Қанша жыл қырғын болса да,
Ажалың келмей өлмейсің» - деген де Алашым.
Айтпағым қазіргі таңда басымызға түсіп отырған қиыншылықты жұп болып жұмыла көтерсек жеңіп шығарымызға сенімдімін. Бабаларымыз ет жеп, шәй орнына айран, сүт, саумал, қымыз, шұбат ішті. Қымыз демекші, қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті – дастархан сәнін келтіретін қазақы шипалы сусын болып табылады. Міне сан ғасырлық тарихы бар қымызымызды бабаларымыз:
- Уыз қымыз(бие бау деп те атайды)
- Бал қымыз
- Бесті қымыз
- Дөнен қымыз
- Жуас қымыз
- Құнан қымыз
- Қысырақ қымыз (ту қымыз деп те атайды)
- Сары қымыз
- Сірге жияр қымыз
- Түнеме қымыз деп, дайындалуы мен дайындау тәсіліне қарай он түрге бөлген.
Қазіргі басымыздан өткізіп жатқан індетке мойынсынбайық. Бұл қазақтың басынан не өтпеген...
Қараңызшы ҰОС - сының алдында баршамыз білеміз аттары жаман «Оба», «Шешек» сынды дертке ұшырап мыңдаған, миллиондаған қазақ қырылды емес пе?!
Ол уақытта қазіргідей дәрі-дәрмек жоқтың қасы – тек өзіміздің тәубеміз бен қазақи емге жүгіндік. Ал қазір дәріхана сөресінде дәрі-дәрмектердің түр-түрі бар. Ауыра қалсаң ауырған жеріңді анықтап бере қоятын медицина мен технологияның дамыған заманында өмір сүріп жатырмыз. Бұл дерттің де, бір емі табылар. Бірақ өлместің күнін кешіп – тірі тіршілігін жасайды дегендей жоғарыда айтылған саумал мен қымыз, шұбат, табиғи ет өнімдерін, қойдың құйрық майынан асағанымыз абзал. Қойдың құйрық майы демекші оның емдік қасиеті, сіз асаған сайын, ол тек асқазанға ғана өтпей жолай өкпенің ауа түтікшелерін майлап өтеді екен. Қарапайым мысал: - тұмау тигенде қойдың құйрық майын шыжғырып ішпеуші ме едік?! Артынан кеудеге жиналған керексіз шаң-тозаң мен вирустарды сыртқа шығаратынын жақсы білесіздер.
Көптеген табиғи ферменттерге бай ұлттық сусын мен ұлттық астан да жеуді ұмытпаңыздар ағайын.
Қырқына шыдадық – қырық біріне шыдайық. Тұманнан соң да күн шығар...
Ұлттық тағамдарымыз бен сусындарымыздың ерекшелігі мен емдік қасиеті жөнінде ақпарат алғыңыз келсе, я болмаса осындай тақырыптағы ақпараттар қызықтыратын болса кітапханамыздың қорындағы Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін кітаптарымыздың тізімін ұсынамыз:
- Асылбеков Б. Қымыз шипалы сусын.- Алматы: Қайнар, 1986-92бет.
- Омаров М. Қымыз: түрлері, жасалу жолдары, емдік қасиеті. –Алматы: Таңбалы, 2010-61 бет.
- Пайдалы сусындар / Құраст. Ә.Қоңырбекұлы. – Шымкент: Алтын алқа, 2011-47 бет.
- Қасиманов С. Қазақтың ұлттық тағамдары. – Алматы: Қайнар, 1977 – 101бет.
- Қажығалиев Н. Ет және ет өнімдерін өңдеу технологиясы: Оқулық. - Астана: Фолиант, 2018-348 бет.
- Қатран Д. Қазақтың ас-тағам мәдениеті : Тарихи-этнографиялық зерттеу.- Алматы: ҚазМӨҒЗИ, 2002-208бет.
Негізгі қорларды сақтау бөлімінің кітапханашысы: Ақбергенов Е.Е.