Қайырбек Салтанат

Арманым, күлме маған,

Алыссың, көз алмадым

Қаласам, үлгере алам,

Сезімнен оза алмадым

 

Арманым, ақталамын,

Сезімді себеп қылып

Анық қой жақпағаным,

Қарайсың демек күліп

 

Күнде есіп далаға әнді,

Алды арман бір көшеңді

Күлмеші, Қарағанды!

Арманым! ...Күлмеші енді

 

Қиялдың тынысы оңай,

Күлкілі емес түкте!

Ұйғардық біз осылай

Жүрекпен кеңестік те

 

Арманым! Күле берме!

Төзімім-дара батыр,

Жарамай жүрек емге,

Өртеніп бара жатыр

 

Мінез, мұң ортақ үнмен,

Ұйықтарда келіп қалад

Тексерсе...Қорқамын мен!

...Арманым еріп барад!

 

Ұмтылыс келеді есіп

Бәсеке пайда ма екен...

Өмірге ерегесіп,

Ызамен қайда жетем!?

 

Арманым, ренжімегін,

Бөгелем,қалып барам!

Одан да елжірегін,

Әлдене анық маған...

 

Білем, бақ. Кел, ертеңім!

Білмей ме бағаңды ешкім?

Айтпаймын не екенін,

Айтпаған маған да ешкім

 

Жүрегім не десе екен,

Мазамды ап бекер елес,

Бұл-қиял емес екен,

Бүр сенім кетер емес

 

Әлі арман өшпеді ме?

Жырымды қайталадым

«Салем» бе, «Хош» деді ме,

Онысын байқамадым

 

 

Фейерверк

Жүрегі жылап,зар мұңы төнген,

Жылайды,кейде елеңдеп түндер

Жырақта қалған,жарығы сөнген,

Бағына енді келер деп кімдер

 

Зәулімдерден қабаттар құлап,

Гүлдер де солып,тапталып қалды

Мұңлы минуттар,сағаттар бірақ,

Санамда мәңгі жатталып қалды

 

Үміт пен үрей таралып менде,

Жүректе мұңды күй тұнып қалды,

Жалын мен отқа оранып кеуде,

Тұрғандай жүрек қиқынып мәңгі

 

Сезімдер ұшқан алаңды жолда,

Жылтырды бәрі «керемет» деген,

Жарығы сөнген қаламды сонда,

Кезінде ешкім керек етпеген!

 

Малынды гүлім,шаттыққа кенет,

Жайнады тіпті қара талы да,

Жүйткиді жүрек,бақытқа енет,

Өзіне бәрін қаратады да...

 

Қарашы! Бақты тағыма байлап,

Еркелеп бүгін мен де ерікпен,

Алаулар бүгін бағымда жайнап,

Шашылып жатыр фейерверктен!

 

Ерлігін жасап,тау асып батыр,

О,тағдыр, бақты тең етесің бе?!

«От шашам» деп таласып жатыр,

Салтанаттың мерекесінде!!!

 

 

Фиалка

Жан-жүректе от боп бекер,

Сезімдерге қиял таным,

Әлсін есіп,жоқ боп кетер,

Жұпарындай фиалканың

 

Сол фиалка сияқтанып

Жылатпасаң кезінде сен,

Мұз жүректі жиі ақтарып,

Сезім сырын сезінбес ем

 

 Жырларым да жаңғырып кеп,

Көлеңкең боп, текке сенің,

Алғаш сезім-мәңгілік деп,

Маңайыңнан кетпес едім

 

Бағыт алып, жаңа таңға,

Мәңгі шипа,кетпес емін,

Қондырып ап алақанға-

Сен арқылы беттесемін

(Сондай еді,деп кешегім)

 

 

Құшасың,гүл, мойындашы,

Неменеге дем кеткесін?!

Құдай үшін қойыңдаршы,

Болды.Енді тербетпесін

 

Сағыныштың есіп елі-

Тербеткенде фиалканы,

Жүрек бәрін кешіреді

Сезім іштей ұялтады

 

Гүлім бақыт тілеп тағы,

Жүрегімнен үзілді кеп,

Мұңын кешкен жүрек бағы-

Одан бетер төзімдірек

 

Сеніп, әркез қиял табар,

Сезимдерге талас қайғы,

Алып-ұшқан фиалкалар-

Маған енді,жараспайды...

 

 

 

 

 

 

 

 

Сен құрбым екен деп...

Мен үшін көктем гүлі- мүсін,

Жаныма жаңа таң, бір есім.

Сол мұңнан өткем,бүгін үшін,

Сондықтан,бұл-менің үлесім

 

Көңліңде қапы қап елес күн,

Мұңыңды сағыныш шайып кеп,

Күлсем де,ақымақ емеспін,

Қарайсың, сен емес лайық деп,

 

Достықтың шыр етті киесі-

Шыңынан төгілді,бөктерге,

Тулаған жүректің жүйесі-

Елеңдеп қарайды өткенге

 

Жауында мұң шақтан қаштың  ба?

Біреулер жақынын қорғайды,

Айтып па бұршақтың астында

Өз басын қорғаған торғайды.

 

Құрбым-ау,бәрі де бір екен,

Жан мұңы-түн болса,айы-мен,

Өзімді әлі де тірі етем,

Мылқау мұң қалады жәйімен

 

Қайтемін,мен тұрдым кетем деп,

Мен кетсем,мұң жаққа кетем де,

Бірақ та,сен құрбым екен деп,

Мін тағам,өзіме бекерге,

 

Мұңға-мұң дерт еді,бұздың ба?

Мендегі сезімді.Шыдармын.

Жеткен бе,ертегі қыздың да,

Гүл құшқан сарайдан шығар күн

 

Жүрекке жыр есу-көпке сын,

Сезімдер қауіпті,естігем.

Жылатып,бір есіп өткесін,

Жалт қарап, үнемі кеш білем

 

Жүрекке төгіл,күй барында,

Өшпейді,сезімнің бәрі ізгі

Мұңдарым-көңіл дидарында

Деректі фильмдер тәрізді

 

Жүректің ұраны,әні-бір,

Сен түскен фильмге тұр мұң кеп,

Титрде тұрады,бәрі бір,

Есімің «ең жақын» құрбым деп,

 

Іздедім өзімнен,өзіңнен

Достықты.Болмапты,оған түк,

Жүрегім төзіммен көз ілген,

Жоғалған әлемін жоғалтып...

 

 

 

 

Дерижер мен Оркестр

 Білемін, елі зор,

 Өз үнім ант естір,

 Жүрегім-дерижер,

Сезімім-оркестр

 

Мұңды үнге елеңдеп,

Қойды да төзгенді,

Сөз берді «жеңем» деп

Дерижер өзге енді

 

Сезімді ерте кеп,

Ән бастап аз үміт,

Нотасы ертерек

Қоймаған жазылып

 

Тербейді, ол күйді

Кеудемді мекендеп,

Дерижер толқиды,

«Не болар екен» деп

 

Мұңыма ол серт пе?

«Жеңем» деп үн барған,

Мендегі концертте

Бар ма екен тыңдарман?

 

Оркестр, мені ізде,

Карта да құрап ал,

Бойда қан-теңіз де,

Үн елі-бір арал

 

Оркестр елі ізгі,

Дерижер, мазала,

Қып-қызыл теңізді-

Лебіңмен тазала!

 

Жылауды  жатсынам,

Көзден мұң төкпеспін,

Жүрекке тапсырам,

Ұқпас та бөгде ешкім!

 

Дерижер көңілсіз.

Кеуде түн. Қараңғы.

Оркестр, өзіңсіз-

Бойға мұң таралды

 

Үн сыйла, жетіген

Мен жылап қалсам,біл,

Сен үнсіз кетіп ең,

Жылады ансамбль

 

Дерижер қалт естір,

Үндерің құйса мұң,

Көңілді оркестр,

Сендерге ризамын!

 

Оркестр, әкел, дем

Мен мәңгі үн етем

Сендерді әкелген,

Жетекші кім екен?

 

«Фиалка»-тәтті мұң,

Біз солай теңеуші ек,

Дерижер шаттығын-

Бақыт па?не деуші ед?

 

 

 

 

 

Азаттық, жанның емісің!

Даламды түгел тұман басқанда,

Үмітім қалды.Таймасын

Құстарым үркіп,құлан қашқанда,

Аңсатқан күндер,қайдасың?

 

Гүл егер жерді дүркіретпеуге,

Таласқан жігер таңға асып,

Үреймен толқып,күркіреп кеуде,

Ғасырға жатты жалғасып

 

Көңлінде гүлдің бәрі де солғын,

Бесігін тербей бастаған,

Ананың салған әні де сол мұң,

Кейін,баласы жастаған

 

Желтоқсан-ызғар оята шапты,

Гүлдерден аққан қан шығар,

Өшпестей мәңгі,боята жатты

Ақ қарды қызыл тамшылар

 

Жағасын жұлқып қару жүр еді,

Көктемгі арман,барі есте,

Қыршыннан кеткен ару жүрегі-

Сүймеп еді,әлі, нәресте

 

«Бұл жолы көндің,еркелемедің,

Ертеңнің жыры,әні-біз

Мереке шақты ерте келемін,

Табысар болса,жанымыз»

 

Жолдары ұзақ қара сыз еді-

Жұп-жұқа өмір даптері,

Гүлін де құртты, шарасыз еді,

Жігіттің ол да, әттеңі...

 

Боялып қанға,қатыпты түндер,

Азаттық,жанның емісің!

Бұл ызғар-мұң мен бақытты күндер

Арасындағы келісім...

 

Тыныштық ес те,тербе күн лебі,

Даламның мұңы шайылмас,

Қып-қызыл көлдер – жер бетіндегі

Теңіз бен тауға айырбас...

 

Өткеннің анық,қонбасы, мейлі,

Мейлі ұмыт,саган тамды үміт,

Ана тіліңді қорғашы дейді,

«Тарих» тауынан жаңғырып

 

Жігерді бойдан төкпе, үміт барда,

Бағалап әр шың,әр ізді,

Тәуелсіз елді көкте бұлттар да,

Қарайлап жүрген тәрізді

 

Даламды мұңның ала алса түні,

Мәңгілк қалса,қайтер ек?

Астана күлген балауса күні-

Болмас та еді, бәйтерек

 

Азаттық-елдің асқан бағы ма?

Шарықта,Шырқа,Өс,елім!

«Жыр» деген өмір баспалдағына-

Жүректің сөзін төседім…

 

 

 

 

 

 

 

Жыр жүрек қансырап тағы,

Көшеде толқып келед,

Түн қанды тамшылатпады,

Барады, қорқып демек

 

Ай қарап, еріп те келед,

Шамасы, сезіп мені,

«Түндерде келіп пе демек,

Дертіне ем кезікпеді»

 

Деп есті жолдап құстарын,

Жаны ашып, сірә, маған

Сезімі тоңғақ тұстарын

«Емде» деп сұрамаған.

 

Сол құстай жанымның емін,

Білетін дос табам ба?

Тамшы-жыр-қанымды менің,

Жиып ап тостағанға

 

Жұбаттың. Емде де, тербе де,

Алғысым, құсыңа мың,

Тамызбай елге де, жерге де,

Өлең қып ұсынамын!...Құстармен ұшырамын..       

       ***

Қалай қиын... сену мен сендіру,

Ақымақ жүрегім жауыпты

Өмірлік өлеңім-ендігі у,

Өкініш, өртеме парақты

 

Өртеме, өзгерпе өлеңді,

Сүймегем, сезбегем дегізбе,

Менімен татулас бол, енді

Сезімім, жүректі, мені ізде

 

Қалай қиын...сезу мен сене алмау,

Сенемін, сездіре алмаймын

Әттеңім-ертеңге ене алмау,

Шіркінім-сағыныш, балдай мұң

 

«Ғажайып бақтарда ұшқанды,

Ертеңнің елесін көрем»- деп,

Сендіріп қойғанмын, құстарды,

Бір бақыт іздесе төмендеп

 

Құс сезім көктемін ойласын,

Мұңайта бересің, неге сен?

Бақытқа сендіріп қойғасын

Қайтемін? құстарға не десем?

 

Көзге жас, жүрекке жыр қамап,

«Дір» етті, о несі?  түсіндір,

Өткенге, көктемге бір қарап,

Біртүрлі айналып, ұшып жүр

      О несі, түсіндір....

 

 

Күніңе күліп қарасам

Өмір сыйлаймын өлеңге,

Тақпақтап жүріп бала шақ

Гүл тағып, киіп көрем бе,

Ол кезде бәрі жарасад!

 

Өзі дегенін жаздырар,

Өмірдің анық, жайын әні,

Кішкентай бақыт мәз қылар,

Кішкентай қолы, аяғы...

 

Өмірі-өлең тәрізді,

Уатам, сүйем, тербетем,

Қорғаны елдің, жаны ізгі,

Әні болмаспын, мен ертең

 

Осындай жанмын. Несі мұң?

Ғасырға ақын орнаса!

...Енбей ақ қойсын, есімім,

Бір жүрек...

Сонда болмаса.

 

Жасаурап тұрып жанарым,

Өзімнен өзім ұялам,

Естимін әнін даланың,

Бала шақ...

Еске жиі алам

 

Дүние-өмір ашулы-ай,

Жұбатар ем ғой, жарасам

Жасқаншақ көзді жасырмай

Күніңе күліп қарасам...

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 (Баллада)

Скрипка  сырлы саз мүсіндеп,

Мұыңымды әкетіп барады

Күрсінген жүректі  түсінбек

Иректеп емдейді жараны

 

Жырларды, мұңдарды кештім көп,

Жыласам, «ак-кара» өмір дер

Телефон шалатын ешкім жок,

Ал онда қаншама нөмірлер

 

Жұбатпас, енді ешкім, енді түк

Қолданып керек жоқ көп шара

Біреуді аңдаусыз ренжітіп

Көңілін табуға жоқ шама

 

Өмірді өзім-ақ  түсінем

Кұрбым-ай, келуді доғардың

Іздеп ең жүрегің үшін ем,

Таптың ба?кайдасың?

Жоғалды үн...

Шат болып тұрса ғой, жарайды

Қоймаймыз шын бақыт тілеуді

Сезімсіз, бағына балайды

Жанына бейтаныс біреуді

 

Енді ашық сөйлесе алмаймыз,

«Мұның не?» деуіме хақым жоқ,

Көңліңде не көктем, қандай күз?

Жаныңа кімдер жүр жақын боп?

 

Естігің келмейді енді түк,

Қолдана бермейміз көп шара

Бір ақыл айтып ап, ренжітіп

Жұбата салуға жоқ шама

 

Бұл солай екен ғой, расында

Әркімде сезімнің әлегі

Әркімнің өз мұңы басым да

Сөйтеди, ұсынар бар емі

 

Салқындық...О баста білінді

Сезімнен сөнгенде от-үміт

Жасырып жылаған түрімді-

Сезбеген болдыңдар өтірік

 

Осыны «ақ-қара» өмір дер,

Өзгердік, балалық жырақ тым

Дегенмен, терілер нөмірлер

Жұбатар дейсің, бірақ кім

 

Түсіндір, өлеңім, төгіл де

Келеміз көңілден гүлді үзіп,

...Ашушаң, жабырқау көңілге

Кезекші күлкіні  тұрғызып

 

 

...Бейтаныс бір адам карады

Өзімді өзіме көндіріп

Жалгыздық мезі етіп барады

Кеудемнің жарығын сөндіріп

 

Жанымды жұбатып қызықтыр

Шынайы сезімдер жиі аңқып

Жасанды достыкты бұзып кір

Кезекши күлкіні уялтып

 

...Жүректе болған ба бір маза

Сезімдер-сезімге өткелдер

Іздейдиі біреулер жыр жаза

Алыстап алғашқы көктемдер

 

Оның да, өткенін емдейди,

Бугінгі сезімдер, анық-ақ

...Бақытты болғым келмейді

Біреудің  «жанын» алып ап

 

...Жұбатпас енді ешкім, енді түк

Қолдана бермейді көп шара

Ал оны... Сол үшін ренжітіп,

Жоғалтып алуға жоқ шама...

 

Кешірім

Ұмыттым, Ар аттап кетпедім,

Ол десе, сезімім сенгісіз.

Жүректің парақтап беттерін,

Әлдене іздедім белгісіз....

 

Кешірім...Кешем, айдан анық,

Мейлі мұң, жасым да жасырын

Тоқташ...есем, қайда барып,

Адасса  жүрегім.. асылым....

 

Төзімді...Мен жиям да асам,

Сезімді....Үзбейміз деген ек,

Мен оған ренжи алмасам,

Сүйсініп не керек,

 

Жүректі...Мен жиі аңдағам,

Ұмытар, сағынар бал қылық

Ренжіп-ақ, ренжи алмаған-

Сезімнің көктемі-мәңгілік!