ПРАЙМЕРИЗ ДЕГЕН НЕ?

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында биыл алғаш рет праймериз өтпекші. Оны өткізуді еліміздегі бас партия «Нұр Отан» партиясы қолға алып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қаулысымен 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазан аралығында жүзеге асады.

«Праймериз» сөзін қазақ тіліне аударғанда «бірінші сайлау» немесе «алдын ала сайлау» деген мағынаны береді. Көбінесе мұндай саясатқа байланысты терминдерді демократиясы қалыптасқан АҚШ секілді мемлекеттердегі саяси оқиғаларға қатысты естиміз. Деректерге сүйенсек, алғашқыда осы АҚШ-та, содан соң Еуропа елдерінде қолға алына бастаған. Бірінші партиялық ішкі сайлау 1901 жылы АҚШ-тың Флорида штатында өтіп, сол жылы бұл термин заңды түрде енгізілген. Батыс елдерде праймериз ашық және жабық түрде өткізіледі. Ашық түрде кез келген адам дауыс бере алса, жабық түрдегі праймеризде тек партия мүшелері ғана дауыс бере алады.

Жалпы бұндай сайлаудың басты мақсаты – партия қатарына қатарына мықты, білікті кандидаттарды іріктеу. Алдағы мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларына партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыларды айқындау.

Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің айтуы бойынша елдің барлық облыстарында іріктеу жүргізіледі. «Нұр Отанның» праймериз өткізудегі мақсаты – қатарын адуыны мықты жас мамандарға, ел қалауларымен толықтыру. Сайлауға өз аймағында сөзі өтімді, беделге ие азаматтар қатыса алады. Дауыс беруге ел тұрғындарының барлығы құқылы емес. Сайлауға түскен үміткерге тек өз аймақтарының жерлестері ғана дауыс бере алады.

Біздің Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарқаралы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Муканова Айнаш Тусупжановна кітапханашылар атынан праймеризге қатысуда. Әріптесіміздің праймеризге қатысудағы басты мақсаты өз елінің патриоты ретінде ел мүддесін қорғап, әділ қызмет ету. Қарыштап дамып келе жатқан еліміздің жаңа тарихи кезеңінде осынау үрдіске әріптесіміздің атсалысуға өзінің қосқан үлесі. Әріптесіміздің сайлау алды бағдарламасында мәдениет саласы бойынша өзекті мәселелерді көтереді. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен ұйымдастырылып отырған праймеризге қатысқан әріптесімізге сәттілік тілейміз.

Қарағанды облысында тіркелген 857 адамның, 224 жастар. 35 жасқа дейінгі. Солардың бірегейі 2013 жылдан қолына диплом алғаннан бері жастар саясаты саласының барлық сатысынан өтіп келе жатқан, болашағынан үлкен үміт күтетін Хамитов Ержан Болатұлы.

Праймеризге қатысып жатқан барлық жерлестерімізге, жастарға сәттілік серік болсын, жас келсе іске, біз жастардың өскеніне қуанамыз, бар күш – жігерлерімен өз бағдарламаларын іспен дәлелдейді – деп сенім артамыз.

Адуынды мықты жас мамандар көбейіп, еліміздің ертеңі айқын болсын!

                                                        Оқу залдары бөлімінің кітапханашысы
                                                        А. Ж. Искакова