Мұстахан Құсайын

"Бір өлең - бір әлем"

 

*    *     *
Қайтеді қағытпалы қаланы бұл,
Жасанды нұр себеді бағаны бір.
Шырыны өлген әркімнің ауласында,
Аңсайды қойнауы кең даланы гүл.

Тар өріс туысқанға досқа сырың,
Ақ иық ұл жасайды жоққа шығын.
Қарлығаш қарғыс етіп шырылдайды,
Қырдағы қопсыменен қоштасуын.

Әр бұрыш пейіш сынды аңдамасаң,
Қысыр сөз, қытығы көп қарбалас ән.
Қарашығы қас алтын қара бала,
Өзге жүрек, өзге тіл әлдеқашан.

Қоңыр үн қос бұрымға сыйған әлем,
Қорғасынның зәріне қимаған ем.
Шынардың өзегінен терген тылсым,
Мұнардың түбіндегі құйма кәдең.

Анаңның ажарындай ақ шағылдар,
Арыңның базарында-ақша құмар.
Анығы бері қала құзырында,
Жаңылып түсіп жүрме қақпанына!