Еліміздегі ең байырғы бас әдеби басылым «Жұлдыз» өзінің атына лайық, алаш жұртының сан ғасырлық даналығын бойына жинақтаған, әлемдік классика жауһарлары, 2000 жылдық тарихы бар көне түрік және бүгінгі түркі тілдес әдебиеттердің озық үлгілерімен қоса, есімдері әлдеқашан тарих беттеріне жазылған ата ұрпақ өкілдерін айтпағанның өзінде, қазіргі қазақ әдебиетінің классиктерінің шығармаларын жариялап келеді.
«Жұлдыздың» алғашқы саны 1928 жылдың ақпанында Қызылорда қаласында «Жаңа әдебиет» деген атпен шықты. Журналдың алғашқы редакторы, қоғам мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин болды. Журнал жаңа таланттарды әдебиетке әкелді, сынға өріс ашты, жаңа шығармалардың жазылуына түрткі болды, өз маңына талантты жазушыларды топтастырды. Сол жылдары С.Сейфуллинмен бірге қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушылар Б. Майлин, І. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқановтар журнал жұмысына белсене араласып, әр жанрда қалам сілтеп, шығармалары жиі жарияланып тұрды. Өмірдің белгілі бір тарихи кезеңдері әдебиетте күрделі оқиға - тартыс, кесекті образдар арқылы адамдар санасындағы өзгерістер бәрі де әдебиеттің өзекті тақырыбына айналады, сондықтан журнал, 1932 жылдан бастап "Әдебиет майданы» болып жарияланды.
Отызыншы жылдар қазақтың ұлттық мәдениетінің де өсіп, өнердің жаңа салалары пайда бола бастаған кез еді, Қазақ музыкасында алғашқы опералар, көркемсуретті кинолар түсіріліп, бейнелеу өнері өркен жайды. Ұлттық өнердің осындай табыстары әдеби журналдың назарынан тыс қалмай жарияланып, 1939 жылдан «Әдебиет және искусство» болып аталды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақтың ақын-жазушылары қаламмен де, қарумен де майданға араласты «Отан үшін жан пида», «Бәрі де жеңіс үшін» деген тақырыппен майдандағы асқан ерлік пен тылдағы жанқиярлық ең бектері, әңгіме - повестердің, очерктердің өзекті тақырыбы болды. Байқап отырғандай, журналдың атының өзгеруінің өзі – еліміздің бастан кешкен тарихи кезеңдерінен хабар береді. Мұның өзі – журналдың қоғамдық, саяси өмірі мен рухани - әдеби биік мақсаттарын алға қойып, 1957 жылдан бастап осы күнге дейін «Жұлдыз» атанып, оқырмандардың сүйікті журналына айналды. Бүгінде Қазақстанның кез келген түкпіріне жетіп жатқан бұл әдеби басылымның заманға сай сұранымды қанағаттандыру мүмкіндігі жеткілікті. Себебі, ХХІ ғасыр - білім, ғылым ғасыры. Ал білімді оқырманның жөні қай кезде де бөлек «Жұлдыз» журналының сандарында, өткен тарихымызды, бүгінгі тәуелсіздігімізді пайымдаған рубрикалары «Мирас», «Ата жұрт», ғасыр шығармаларына айналған талантты жазушыларымыздың «Тұлға», «Сыр сандық», жаңа леп, жаңаша ой - өрнекпен әдебиет есігін аттаған «Жас толқын», «Зерде» жас қаламгерлеріміздің шығармалары, сонымен қатар, бүгінгі әдеби ағым жөніндегі «Сөз сәулесі», «Әлем әдебиеті» көркем очерктер, «Рухани жаңғыру» тарихи тағылымы мол туындылар жинақталған.
«Жұлдыз» журналының шыға бастағанына келесі жылы 93-жыл. Бұл – ежелден қалыптасқан дәстүрі бар, өзінін бай мазмұнымен, уақыт талабына сай жазылған, көрнекті қаламгердің әңгіме - хикаяттары, қазіргі ең танымал фантастикалық, детективтік шығармалардың таңдаулы үлгілері, түрік халықтары әдебиетінен жаңа тәжімалар, дін ислам дәрістері, пайғамбарлар мен әулие - әмбиелердің өміріне қатысты ғибраты мол аңыз әфсаналар, ұлы адамдар өмірі, табиғат тылсымы туралы қызықты хикаялар, ғылым мен техникаға арналған танымдық материалдары , оқырмандардың сүйікті «Жұлдыз» журналына топтастырылған.
Сондықтан да, сан алуан тақырыпты қамтитын «Жұлдыз» журналын, кітапхана қорынан алып оқыңыздар.
Негізгі қорларды сақтау бөлімінің
кітапханашысы: Жылтыбаева Р.Р.