Абай мұрасы - біздің ұлт
болып бірлесуімізге,
ел болып дамуымызға
жол ашатын қастерлі құндылық.
Қ. Ж. Тоқаев
Халқымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Халықаралық Абай клубы» ақынның ғибратқа толы, ауқымды мұрасын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында он томдық толық шығармалар жинағын басып шығарды. Р. Сейсенбаев бағалы да, құнды жинақты миллион даналап жарыққа шығуына үлесін қосты. Бір қуанатын жағдай он томдық жинақта Абай Құнанбаев еңбектері қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз тілдерінде топтастырылып, ұлы ақын туралы мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көріп отыр. Өлеңдері, поэмалары «Қара сөздері» хикмет кітаптары мен «Слово об Абае» әдеби мақалалары орыс тіліне аударылған. Қазақтың ұлы жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезов «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр» деп пікірін айқындап бергені анық. Қазақ топырағынан шыққан ғұламаны күллі адамзат баласы әлемдік деңгейде тани алатындығында, шығарманың ерекшелігі де осында. Кез-келген шығармасын қолға алып оқысаңыз, ой толғанысына түсесіз. Үнемі елдің алға жылжуына, өсіп - өркендеуіне барынша насихаттағанын байқаймыз. Қазақтың оқып - үйренгенін білім мен ғылымды үйренбейінше биіктерді бағындыра алмайтындарын, өнегелі өсиеттерін он тоғызыншы ғасырда мойындатып кеткен. Қазір заманымыз күн сайын өзгеруде, оған өзіміздің көзіміз жетіп отыр. Барлық салада жаңа міндеттер мен тың талаптар қойылуда. Соның ішінде жастарға ғылымды игеру, жаңашылдыққа бет бұруға, масылдықтан, надандықтан арылуға шақырды. Абай бізге нені аманаттады? Нені талап етті? Бізден нені күтті? Қай ісімізге сүйсінді? Осындай сансыз сұрақтардың жауабын он томдық шығармаларды оқып, сұрағымызға жауап таба аламыз. А. Құнанбаевтың даналық өсиеті қай кезеңге де жауап бере алады. Қай жастағы адам болмасын осындай шығармаларды оқып сырласып, қажетті дүниелерді бойына сіңіре алады.
Бүгінде жастар мотивация беретін әдебиеттерді іздеп оқиды, өте қуанышты жағдай. Мына өлең жолдарында:
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқты – барды, ертегіні термек үшін.
Көкрегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін», - дейді Абай. Келер ұрпақтан үмітін еш жоймаған. Өзін өнеге етер ұрпақ жайлы ұлы арман күйінде қалмасына сенген жастарға. Осындай маңызы жоғары өлең жолдары бүкіл адамзат баласының азығы, ұрпақ санасына сіңіріп, үлгі болуы тиіс. Шынайы шығарма адамзат жадынан ешқашан өшпек емес, ол қашанда адамзаттың мәңгілік мұрасы болып қалмақ. Олай болса Абай өлеңдерімен сусындап, білім қуып, талмай ізденетін болсақ, еңбек етсек бәсекелестік қайнап тұрған заманда мыңды жеңетінімізге сенімдіміз. Абай ұсынған басты құндылықтардың бірі болып қала береді.
ҚЖӨжКҰБ кітапханашысы С.Ж.Уйсембаева