Кітапхананың YouTube бейне арнасын қалай дамытуға болады?

    2020 жылғы әлемдік пандемия әлеуметтік медиа кеңістігінің күрт дамуына қатты әсер етті. Осы даму жолында кітапхана жұмысын алға ілгерілетуде Facebook, «YouTube», Instagram, Twitter және т.б. әлеуметтік желілер үлкен рөл атқаруда. Бүгінгі таңда «YouTube» бейне контент платформасы өте танымал. Жалпы адамдар күн сайын осы платформада бейнематериалдарды тамашалауға миллиардтаған сағат жұмсайды екен. Оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және кітапхананың тыныс тіршілігімен көпшілік қауымды хабардар ету мақсатында виртуалды кеңістіктегі алпауыт желілердің бірі саналатын «YouTube» бейнехостингінің  барлық мүмкіндіктерін пайдалана білуіміз қажет. Мысалы, осы  танымал платформада біздің кітапхананың «КОУНБ им.Н.В Гоголя» арнасы және Қарағанды облысы кітапхаларының  арнасы «Библиотеки Карагандинской области» жұмыс жасауда.Ол жерге қызықты іс-шаралар жүктелген. Ал сіздің кітапхананың жеке YouTube арнасы бар ма?  Сіз оны қалай дамытасыз?

Ендеше, сіздерге кітапхананың YouTube арнасын дамытудағы бірнеше тиімді әдістерді ұсынамыз:

  1. Фирмалық стиль

Қазіргі таңда бейнехостингте көптеген қызықты бейне материалдар бар. Сондықтан олардан ерекшелену үшін жеке графикалық дизайнды (фирмалық стиль) қолданыңыз және бейне материалдарыңыздың сапасына ерекше назар аударыңыз.

  1. Ұзақтығы

Бейнероликтердің ұзақтығы орта есеппен 5 минут болғаны дұрыс.

  1. Кілт сөздер

Бейне мазмұнын жасамас бұрын кілт сөзді таңдау өте маңызды, өйткені бұл сізге белгілі бір тақырып төңірегінде жақсы ақпарат дайындауға көмектеседі. Роликтің сипаттамасына қосылған кілт сөздерді хэштег түрінде де жазуды ұмытпаңыз.

  1. Аудиториямен өзара пікірлесу.

YouTube - бұл әлеуметтік медиа арнасы, сондықтан әлеуметтік өзара қарым-қатынасты қажет ететіндігін ұмытпау керек. Сіз бейнероликке қатысты барлық пікірлерге жауап беруге тырысыңыз және пайдаланушылардан аудио/видео кеңестермен өзара байланысқа шығуын сұраңыз.

  1. YouTube бейнелерін басқа әлеуметтік арналарда жарнамалаңыз.

Әлеуметтік желілердің негізгі ерекшелігінің бірі – жұмыс орнында отырып әртүрлі арналарда мазмұнды жарнама жасай алу.  Барлық арналармен оңтайлы қарым-қатынас жасау мақсатында YouTube-тегі толық метражды бейнероликке тизер жасап, сол арқылы арнаңызды басқа желілерде жарнамалай аласыз.

  1. Монтаж

Бейнероликтерге iMovie, Shortcut, Videopad, HitFilm Express тегін бағдармалары арқылы монтаж жасай аласыз.

Егер сіз осы  әдістерді өз жұмысыңызда дұрыс әрі ұтымды пайдалана білсеңіз, кітапханаңыздың You Tube арнасы дамып, тұрақты оқырмандар саны көбейе түседі деп есептейміз.

 

 

Кітапханаларды дамыту бөлімінің кітапханашысы Саркенова Н.Б.