Әлеуметтік желілер – бұл қарым-қатынас алаңы ғана емес, сонымен қатар ақпарат алмасу мен бизнесті жүргізу алаңы. Осы орайда әлеуметтік желілердің барлық мүмкіндіктерін пайдалану үшін хэштегтің не екенін білу маңызды.
Хэштег (немесе «тег») — бұл тақырыптық кілт сөздер арқылы әлеуметтік медианы іздеудің негізгі әдісі ретінде қолданылатын #тор түрінде сақталған белгі. Яғни бұл әлеуметтік желідегі жазбаның мәнін көрсететін, алдына арнайы таңба қойылған кез-келген сөз немесе сөз тіркесі.
Хэштегтің негізгі міндеттері:
- Жазбаның мазмұнын анықтап көрсету;
- Тақырып бойынша ақпаратты топтастыру;
- Әлеуметтік желілерде ұқсас деректерді жылдам іздеу.
Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер көркем әдебиетті оқу және жазу тақырыбына толы. Бүкіл әлемдегі оқырмандар мен әдебиет сүйер қауым күн сайын әлеуметтік желілерде кітап оқуға байланысты миллиондаған жазба жариялайды, және жыл сайын бұл тұрғыда ерекшелену қиындай түсуде. Алайда тиісті хабарламаларды іздеуде кілт сөздер ретінде ғана емес, сонымен қатар оқырман арасында сәнге айналып үлгерген ерекше хэштегтер бұл ретте таптырмас әдіс.
Сіздердің назарларыңызға Instagram әлеуметтік желісіндегі танымал кітап хэштегтерін ұсынамыз.
#Book хэштегі – инстаграм желісінде 55 миллионнан астам фотосурет жарияланған.
Сондай-ақ, бір сөзбен табуға болатын танымал басқа да тегтер: #Кітапоқыпжарысайық, #Кітапсүйерқауым, #Кітапоқыпмиллионербол, #кітап, #кітапхана, #кітаптарәлемі, #Литература, #Literature, #Книга, #Чтение, #Books, #Книголюб, #Книжныйчервь, #Читатель және т.б.
Хэштегтер тіркелмейді, оларды ешбір пайдаланушы немесе пайдаланушылар тобы бақылауда ұстамайды және оларды жалпыға ортақ пайдаланудан «алып тастай» алмайды, яғни хэштегтерді қалағаныңызша пайдалануға болады. Олардың белгіленген бір анықтамасы жоқ, сондықтан бір хэштегті әртүрлі пайдаланушылар қолдануларына болады.
Облыс кітапханаларын
дамыту бөлімі
Ерғали Г.Б.