Жас кітапханашылар мектебі

Кітапхана – ол жан азығы, адамзаттың жан тыныштығының рахат табатын рухани ортасы деп білемін. Сіз кітапханадан келіп өміріңізді түбегейлі өзгертуіңіз мүмкін. Себебі – адамзат баласы әуелі сөз пайда болғаннан бастап, сол сөздік қорының молаюына септігін тигізер бірден бір азық кітап екенін білді.

10-шы наурызда өткен «Жас кітапханашылар мектебі» сабағының алғашқы отырысын кітапханамыздың ғылыми хатшысы В.И.Пак өткізді. Кітапхана саласының үздік маманы қала тарихы мен біте қайнасып келе жатқан кітапхана тарихын, алғашқы кітапханашылар мен олардың сол уақытта ҰОС мен тұспа тұс келген шақта атқарған орасан зор еңбектеріне тоқталды. ХХ - шы ғасырдағы кітапханамызбен ХХІ ғасырдағы кітапханамыздың даму сатысын, жаңа технологиялармен қай жылы? Қашан? Қалай қамтамасыз етілгені, қарыштап даму жолындағы өзгерістер мен кітапхана қызметкерлерінің әр жыл сайынғы атқарған еңбегінің жемісі ретінде марапат алған әріптестерімізге де тоқтала өтті.

Жаңа технологиялық базаның қалай құрылғаны жөнінде де баяндама оқылды.

Мен қызмет етіп келе жатқан алты жыл ішіндегі еңбек өтілімімде, білетінімнен білмейтінім көп екен. Осы сабақ барысында мен өзіме біраз мағлұматтар алдым. Осындай біліктілікті арттыратын сабақтар алдағы уақытта да жалғасын табады деген үміттеміз.

 

Негізгі кітап қорларын сақтау бөлімінің

кітапханашсы: Ақбергенов Е.Е.