Кітапхананың ең алғашқы бөлімдерінің бірі 1949 жылы желтоқсан айында ұйымдастырылған кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі.
Жас кітапханашылар мектебі бағдарламасы бойынша кезекті 2 сабағымызды кітапханаға түскен жаңа кітаптар мен жұмыс жасау және кітапты электрондық каталогқа енгізу жайында білікті маман бөлім меңгерушісі С.И.Головко өткізді.
Бөлімнің негізгі атқаратын міндеті кітап қорын толықтыру, сақтау және жаңадан келген кітаптар мен жұмыс жүргізу, техникалық өңдеу, кітапты тіркеу, кітапханаларға бөлу, қор есебінен шығарылған кітаптардың шығыс актілерімен жұмыс жүргізу.
Кітапхана қорына кітаптарды әр түрлі тапсырыстар мен толықтырылады. Атап айтар болсақ, Мемлекеттік тапсырыспен алынатын кітаптар, Республикалық бюджеттен бөлінген қаражатпен алынатын кітаптар, сондай-ақ сыйға берілген кітаптар және міндетті кітаптармен толықтырылады. Алынған кітаптарды есеп кітапшасына тіркеп, өңдеп, ОӘЖ және КБЖ кестелерімен жіктейді және электрондық каталогқа енгізеді.
Каталогтар жүйесі бас каталог, жүйелі каталог, алфавиттік және электрондық каталог болып бөлінеді.
Кітаптарды электрондық каталог жүйесіне енгізуді тәжірибе жүзінде көрсетіліп, жұмыс жасалды.
Көптеген өзім білмейтін қосымша жаңа жұмыс түрлерін білдім. Сабақтың тәжірибе жүзінде болғаны пайдалы деп ойлаймын.
Негізгі қорларды сақтау бөлімінің
кітапханашысы: Аманбекова М.А.