Кітапханамыздағы «Негізгі қорларды сақтау» бөлімі жайында, өз ісінің білікті маманы бөлім басшысы А.Х.Бағзыбекова жалпы бөлімнің жұмыс істеу техникасы, негізгі атқаратын міндеттері және қордағы сақталған «Сирек және құнды» кітаптарды слайд түрінде таныстырды.
«Негізгі қорларды сақтау» бөлімі 1968 жылы құрылған. Алғашқы бөлім басшысы болып Л.П.Коволенка қызмет атқарған. Жаңа бөлімге кітапханадағы барлық қорларды ұйымдастыру және оның есебін жүргізу, кітап қорының сақтауын бақылау және негізгі қорды сақтау, оны пайдаланушыларға босату міндеттері жүктелді.
Жалпы қорда 300000 мың данаға жуық кітаптар мен мерзімді басылымдар сақталған. Оның ішінде 200000 мың данасы кітап, 100000 мың данасы мерзімді басылымдар. Жарғыға сәйкес мерзімді басылымдар депозитарийі болып есептеледі.
Оның айғағы қорда 1933 - 1943 жылға дейін сақталған «Большевик Казахстан» журналы. 1936 жылы басылып шыққан «Библиотекарь» журналының бірнеше сандары сақталған. Өңіріміздегі жергілікті басылым «Советтік Қарағанды» газеті1949-1962 жылдан, «Социалистическая Караганда» газеті 1939 - шы жылдан бастап сақталған.
«Сирек және құнды кітаптар» қорындағы кітаптар бірнеше басылымдарға бөлінеді. XVғ. соңы мен – XVIII – XIXғ.ғ. басында жазылған басылымдар, факсимилді және репринтті басылымдар, миниатюралық және фолиант басыламдар. XIХ – XX ғасырдың басында өмір сүрген ақын, жазушыларымыздың көзі тірісінде жазып кеткен шығармалары бар.
Қордағы ең көне кітап 1491жылы жарық көрген ақын грамматик Абдурахман Аль – Джамидің «Грамматика арабского языка» атты қолжазба кітабы. Сондай – ақ 1768 жылы Санк – Петербургте Императордың ғылыми академиясында басылып шыққан ағылшын жазушысы Ле Саждың «Похождения ЖилБлаза» төрт томдық шығармасы. Әр томы әр түрлі жылдарда жарық көрген. Келесі көне кітаптардің бірі 1790 жылы жарық көрген «Введение в географию» кітабы.
Кітапханымызда 2017 жылы «Латын қарпінде кітап сыйла» атты акция жарияланған болатын, акция барысында оқырмандарымыз латын қарпінде бірнеше кітапты тарту етті.
Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен этнография мәселелеріне арналған 1914 жылы басылып шыққан 3 томдық кітап «Атлас Азиатской Россий» қорда екі томы сақталған. Көлемі жағынан үлкен картографиялық фолиант басылым. Екінші томы «Азиатская Россия» энциклопедиялық басылым.
Заманауи түрде жасалған ерекше көз тартатын факсимилді және репринтті басылым «Апостольское послание» 1700 жылы Германия жерінде табылған. Басылымның түп нұсқасы Германия қаласындағы Йен университетінің кітапханасында сақталуда.
173 дана кіші форматтағы кітаптар томтамасын миниатюралық басылымдар деп атаймыз. Осы басылымдардың ішіндегі ең кішкентай кітап 1985 жылы Лейпцигте жарық көрген неміс музыкантының 300 жылдығына арналған «И.С.Бах» кітабы бар. Көлемі 40х55мм. Басылым керамикалық портретпен жабдықталып, бірегей қорапқа салынған.
Бұл кітаптарды арнайы жеке бөлмеде, бір қалыпты температурада сақталуын қадағалап тұрамыз.
«Негізгі қорларды сақтау» бөлімінде он жылдан аса қызмет атқарамын. Бөлімдегі әр қызметкердің тиісті атқаратын жұмысы бар. Мен қордағы кітаптар мен индикаторларға жауаптымын. Оқырманнан түскен сұраныстарын тауып беру, жаңадан түскен кітаптарды әр бөлімге бөліп, индикаторларын басып шығарып таратып береміз тағы да басқа көптеген жұмыстар атқарылады.
Сан ғасырлық тарихы бар байлығымызды ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу біздің басты парызымыз.
Негізгі қорларды сақтау бөлімінің
кітапханашысы: Аманбекова М.А.