Арман қуып, білім қуып Қарағандыға да келдік. Бүгінде осы жақта тұрып жатқаныма 2 жылдан асыпты. Қызық кездер мен қиын кезеңдерде қатар жүрді.Басында қызығына тоймай жүре беріппіз. Содан кейін қиындықтар шыға бастады. Үйдегілерге деген сағыныш арта түсті. Солай үйренісіп те кеттік. Енді ойланызшы мен сияқты қаншама мыңдаған, жүздеген жастар үйлерін тастап осы қалаға студент атану үшін келеді, қызық иә?! Тіпті Үндістаннанда келген студенттер бар біздің қалада. Әр қайсысы бір-бір мақсат, бір-бір арман арқалап келген. Біреулері тек оқып білім алып кету үшін келсе, тағы біреулері осында қалып жұмыс жасап, кәсіп бастап өмірін жалғастырып жатыр. Қарағанды да жастар өте көп. Жан-жақты дамыған, түрлі қызықты дүниелермен айналысады. Саябақтарды алатын болсақ, гитара тартып, жан-жағында жиналып өлең айтатындары да бар, оларды қоршап тыңдайтындары да бар. Бір-бірін танымаса да жылы қабақ танытып, қатарларына бірден қоса кетеді. Әркім өз айналысатын, қызығатын істері жайлы айтып, ортақ әңгіме табады. Егер қызығар болса еш қарсылықсыз-ақ қуана үйретуге де дайын. Сонымен қатар жастардың көптігін білетін биліктегілер де көптеген жағдайлар жасап жатыр. Түрлі оқу орындары мен фитнес клубтары, ойын-сауық орталықтары мен саябақтар бәрі-бәрі бар және жақсы жұмыс жасап жатыр. Тек көңіл көтеру үшін ғана емес жұмыспен қамту орталықтары да, түрлі студенттерге арналған жұмыс беретін орталықтар да бар. Тіпті, кәсіп бастаймын деген жастар үшін де жақсы ұсыныстар қарастырылған. Ел болашағы – жастардың қолында деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтып кеткендей, қаламызда, жалпы елімізде жастарға жақсы жол, жақсы бастамалар өте көп.
Бахтиярова Мерей