Кішкентай кезімізден үлкендер айтады ғой оқы, оқы, оқымасан ертең дұрыс қызметке тұрмайсын, ешкім сені алмайды – деп. Бір жағынан бұл да дұрыс. Оқып, білім алып, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпаққа не жетсін! Бірақ Әбу Насыр Әл-Фараби атамыз айтқандай “тәрбиесіз алған білім – адамзаттың қас жауы” – деп. Біліммен қатар тәрбиені де, имандылықты да бала өсіп келе жатқаннан бастап үйретіп, түсіндірген дұрыс. Ыбырай Алтынсарин атамызда “Кел балалар оқылық, оқығанды көңілге, ықыласпен тоқылық” деп айтып кеткен екен. Бірақ тек оқуды ғана ойламай, адам болып қалуды мақсат еткен дұрыс. Оқыған – тоқыған, өзімшіл, еш қайырымы жоқ адам болмай, білімді және сол білімді тек өзіңе емес, жан-жағындағыларға үйрететін, қайырымды адам ғана, мен үшін ең сауатты, ен жақсы адам болар еді. Басқаларын білмеймін мен тек солай ойлаймын. Ақ пен қарасы қатар жүретін бұл өмірде ақыл мен адамдықты ұштастыра білу екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Оны ұштастыра алмайтын адамдар да бар! Шет елдерге оқуға барып, жақсы, мықты маман болып келеді. Бірақ қандай маман, қандай табысты адам болса да жан-жағындағылар оны адами қасиеттері үшін емес, тек жақсы маман болғаны үшін сыйлап, бағалайтындай. Ал ондай адам көкке биік көтерілмейтіндей. Ал жақсы маман бола тұра жан-жағындағыларға әрқашан көмек беріп, жақсылыққа ұмтылып тұратын адам, өмірде де, кәсіпте де жақсы жетістіктерге жетіп, ауыз толтырып мақтап, елге үлгі ететіндей адам боларына мен сенімдімін. Сонда ғана ақылы мен адамдығы қатар жүретін, елге сыйлы азамат шығады деп ойлаймын!
Бахтиярова Мерей