Ғаламтордың уақыты қызу дүркіреп тұрған заманда кітап оқуға деген қызығушылықтың азайып қалғандығы өтірік емес. Ғаламтор ғасырында жастардың кітапқа деген қызығушылығы кенжелеп қалғаны рас. Оның үстіне қазір парақтайтын кітаптарды емес, электронды кітаптарды көпшілігі оқығанды дұрыс көреді.Ал, оның зиянды тұстары мен сапасыздығына үңіліп жатқандар көп. Сол себепті де, жастардың назарын кітапқа аудару үшін түрлі тәсілдер қолданып, елең еткізер шаралар өткізілгені жөн деп ойлаймын. Ащы болса да, шындық – қазіргі таңда кітаптың құндылығы бұрынғыдай емес. Бүгінгі жастардың кітап оқуға құмарлығы төмен екендігі күмән тудырмайды. Кітапханалардың сөресінде сән түзеп тұрған шаң кітаптарды оқып іздейтін жастар аз десек те болады. Қазіргі жастардың кітап оқымауына заманның өзгеруі де әсер етеді деп ойлаймын. Даму, өзгеру заманында бұқаралық ақпараттар ағымы дамыған.Кітапханаға оқырманды, әсіресе жастарды көптеп тарту керек. Көркем әдебиетті оқыту арқылы құндылықтарымызды, тарихымызды дәріптеу керек және оны білу маңызды.
Кітап оқу – өнер. Әр адам өз мамандығына орай, жалпы қызығатын, құмартатын тақырыбына, талғамына , қабілетіне қарай әртүрлі шығып жатқан қыруар кітаптардың арасынан таңдап алып оқығанға не жетсін.
Мүмкіндігінше кеңірек қамтып, көп оқу, тынымсыз оқу парыз, әрине. Бірақ, қазір мына заманда көп жастар кітап оқымайтындығы, әрине қынжылтады. Өмірде кітап оқудың адамға берері өте көп. Соны жастар түсіне білсе, жақсы болары анық.Мектеп қабырғасында ғана кітап оқып, онан қол үзуге болмайды. Мен жастарға кітап оқуға кеңес беремін. Бар дүниені біз кітаптан аламыз. Ойлау қабілетіміз, ақыл-ойымыз кеңінен ашылып, білімді боламыз." Жақсы кітап адамның сана- ойын дамытады" деген жақсы сөз бар.Себебі кітаптың адам баласына берер тәрбиесі мол.
Жадыра Жарылғапова