Бал халықты сауықтыратын ас. Ара балының адам денсаулығы үшін пайдасы өте мол. Балды күнделікті өмірде жиі қолданғанымен, оның көптеген пайдасын, ерекшеліктерін біле бермейміз.
«Бал қоймалжың, тәтті, дәмді, усыз зат». Балдың емдік қасиеті өте көп. Оның пайдасын, қасиеттерін кеңінен қолдануға болады. Адам ағзасын дәрумендермен, ақуызбен, ферменттермен, тіршілікке қажетті заттармен байытады. Сондай-ақ, балды асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, жүйке ауруларын емдеуге қолданады. Қан құрамын жақсартып, ішкі ағзалардың қызметін атқарады, адамдарға күш-қуат беріп, иммунитетті жақсартады. Күнделікті қолданып жүрген опа-далаптың ішінде дәрі жасау өндірісінде осы балды пайдаланған.
Бал аралары негізінен аналық, аталық және жұмысшы болып үшке бөлінеді. Жаз және күз айларында омарта інінен балды сауып (қырып) алады. Дәрі жасалатын балды отқа жылытып, сұйылған балды сүзгіден өткізіп әзірлейді. Оның түсі ақ және сарғылт болады. Жаз, күз мезгілдері тұнық сұйықтау болып, ал қыс мезгілінде қоюланып, шекер өңдес іріткі кристалға айналады.
Ара балы негізінен бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал тек өсімдіктердің бір түрінен жиналса, ал көп шырынды бал өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырынды болады. Табиғи бал мен қантты балдың айырмашылығы аралардың қантты шырынмен қоректенгені арқылы білуге болады.
Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.
Ғалымдардың айтуынша, Алтай балының адам денсаулығына пайдасы өте мол. Мәдени тәсілмен бал аралары Алтай өлкесіне 18 ғасырдың соңында келген екен. Бал дегенде, бүгінде осы «Алтай балы» есімізге түседі. Медицинада бал арқылы ем қабылдау 4 мың жыл бұрын пайда болған екен. Грек ойшылы Пифагор «Ұзақ өмір сүрудің себебі балды жиі қабылдаудан» десе, әйгілі медицина ғұламасы Әбу - Әли Ибн Сина «Жастық шағыңды сақтағың келсе, жиі бал же !» деген екен.
Қазіргі ауа-райының салқындағанына қарай құрамында мың түрлі минералдар мен витаминдері бар шипалы балды жеп, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік ағайын!
Негізгі қорларды сақтау бөлімінің
кітапханашысы: Осатаева Т.М.