Құрма пальма тұқымдасына жататын тропикалық жеміс, көбінесе ыстық климатты аймақтарда өседі, суыққа төзімді, ал қолайлы жағдай жасалса шамамен 150 жылға дейін өмір сүреді. Өзіндік емдік қасиетімен құнарлы әрі дәруменге бай.
Құрманың дәмі, түр-түсіне қарай көптеген түрлері бар, жаңа піскені, кепкені, ірісі, кішісі емге жарамдысы. Құрма жемісі мұсылмандар үшін өте маңызды. Алла елшісі Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.у.) Рамазан оразасын ұстаушы мұсылманға, күні бойғы жұмсалған қуатын тез жинап алу үшін, ауызашар кезінде жаңа піскен немесе кепкен құрманы жеуді өсиет еткен.
Құрманың өзге жеміс-жидек секілді адам ағзасына пайдасы көп. Жүз түрлі дертпен, мың түрлі ауруға бірден - бір ем. Күніне үш құрма жеп қана ағзаны қажетті микроэлементтермен қамтамасыз етуге болады. «Құрма - құнардың қайнар көзі» ғалымдардың айтуынша, күніне 10 құрма жеу адамды магний, мыс, күкірт және темірдің тәуліктік қажеттілігімен қамтамасыз етеді. Құрманың құрамында ойдың жүйелі болуына және денсаулыққа пайдалы 10 түрлі элементі бар. Құрма онкологиялық ауруларда, туберкулезді емдеу кезінде және ми қызметін жақсарту мақсатында қолданылады. Аш қарынға желінсе ішектегі құрттарды өлтіреді. Бауырды қуаттандырады, асқазанды тазалайды, әлсіз бүйректі нығайтады. Құрмадағы тағы бір минерал - темір. Ол қан аздықтың алдын алады және де баланың дұрыс жетілуіне көмек береді.
Қорыта келсек «Денсаулық зор байлық» - деп тегін айтылмаса керек. Сондықтан денсаулығымызды сақтау үшін құрманы көбірек пайдаланыңыздар деп ұсыныс айтқым келеді.
Негізгі қорларды сақтау бөлімінің
кітапханашысы Осатаева Т.М.