Кемел ойлы қаламгер

Жазушы, прозаик , драматург, аудармашы Рахметолла Райымқұлов 1913 жылы 11 мамырда қазіргі Ташкент облысы, Бостандық ауданы, Қарманас аулында дүниеге келген.

1929 жылы төрт сыныптық білімін тәмәмдап,  Ташкент қаласындағы Қазақ педагогикалық техникумына түскен. Оны 1933 жылы бітіріп, Ташкент облысының Жоғары Шыршық ауданында өзі оқыған мектепте мұғалім болған. Аудандық «Алға» газетінің редакторы қызметін атқарады. Сол жылдардан бастап ұзақ уақыт баспасөзде жұмыс істеген.

1935 - 1936 жылдары Ташкент  педагогикалық институтында оқиды.

1937 жылы Алматыдағы Қазақстан Коммунистік Журналистер институтына ауысып, оны 1939 жылы бітіріп шығады да, «Сталин жолы» (қазіргі «Қазақстан әйелдері») журналына жауапты хатшы қызметіне қалдырылады. 1941 жылы «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне ауысады. Сол жылы майданға кетіп, 1946 жылдың қаңтарына дейін әскер қатарында болды.

1949 - 1953 жылдарда полиграфия және баспасөз қызметкерлері кәсіподағы республикалық комитетінің төрағасы болып екі рет сайланады.

1953 - 1961 жылдары «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы, «Қазақ әдебиетінде», «Жұлдыз» журналында проза бөлімінің меңгерушісі болды. 1971 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағы жанындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директорының орынбасары болып істеген. Аударма саласында да өнімді еңбек еткен. Өзгесін айтпағанның өзінде, тәжік әдебиетінің классигі Садриден Айнидың «Бұқара» трилогиясының екі кітабын қазақшалаған. Біраз туындысы орыс тіліне аударылған. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.

Жазушының қаламынан туған «Болаттың сынығы», «Балдақты», «Адам» атты повестерін оқырман қауымның сүйіп оқитын  шығармалары.

«Түйелі адам», «Қара жоға» , «Қыз айна», «Перделі пенде», «Бала жігіт», «Жасыл белес», «Суретші» атты шығармаларында қаламгердің жан дүниесі қандай таза болса шығармалары да сондай ізгілік пен тазалық, кіршіксіз мөлдір сезімдерге бай. Барлық шығармалары жан - жақты өзіндік тән ерекшелігі, жазу мәнері, айтары анық көріністер тапқан.

Ағамыздың жанып сүйген жан жары Мәкиза әпкеміз  атақты жазушы Зейін Шашкиннің қарындасы, сондай – ақ осындай жанұяда тәрбие алған жалғыз қызы Ақтоты Райымқұлова өнерді  сүйіп өскен композитор.

Ақтоты Райымқұлова әйгілі сазгер. мемлекет қайраткері министр болған.

Әкесі Рахметолла Райымқұловтың еңбектерін жинап , келешек ұрпаққа жеткізуге ат салысқан.

Өзбекстанда, Бостандық ауылында Рахметолла Райымқұловтың атында мектеп бар.

Жазушы - халықпен бірге жасай беретін қаламгер. Қаламгер шығармаларымен  танысқыңыз келсе кітапханамыздан табылыңыз.

 

Көпшілік оқырмандарға қызмет
көрсету секторының басшысы: Батенова В.Р.