Жазушы,ҰОС қатысушысы К.Тоқаевтың туғанына 100 жыл
Шытырман хикаялы проза жанрында қалам тартқан жазушылардың арасынан шоқтығы биік тұлғалардың бірі - Кемел Тоқаев еді. «Әке туралы толғаныс» кітабын оқи отырып, Қ.Ж.Тоқаевтың естелік кітаптарының әр жолынан әкесінің осындай адамгершілік биік қасиеттерге иемденген азамат екенін көремін. Ол өзінің асқар тауы, салиқалы да салмақты, пайым парқы биік азамат өмірбаяны жайлы аталған ғұмырнамалық кітабында жаза кетеді. Кемел Тоқаевтың балалық шағының да ел басына күн туып, қилы замандар мен күрделі кезеңдерге тап болғанын, ағасы Қасым екеуінің бір күнде ата-анасынан, кейіннен соңынан ерген қарындасынан айырылған ауыр трагедияны бастан өткергендігін аңғарамыз. Соғыс жылдарында жас Кемел «жығылсаң нардан жығыл» дегендей ала-бөтен қырғын Сталинград окобынан бір-ақ шығады. Сондықтан орыс жазушысы Виктор Некрасовтың «В окопах Сталинграда» деген романы сияқты Кемел Тоқаевтың да соғыс туралы жазған туындыс окопта жазған репортаждай оқыл атыны жасырын емес.
Мені ерекше таңғалдырған ақпарат - Кемел Тоқаевтың мұрағатында ағасының жарық дүниедегі жалғыз жақын адамына, бауырына деген ағалық қамқорлыққа, мейірім мен жылылыққа толы хаттары сақталғаны. Қасым майданға аттанарда ағайындылардың ажырасу сәті ауыр болды. Қоштасу сөздері айтылған жоқ. Екеуі интернат ауласындағы сәкіде көздерін жерден алмай, тозығы жеткен бәтеңкелеріне қарап отырды. Бұл бір-бірімен мәңгілік қоштасуы екенін екеуі де сезгендей еді. Ағасы орнынан тұрып, қол сағатына қарады да, Кемелге әскери комиссариатқа баратын уақыт таяғанын айтты.
Олар бір-бірін қатты қысып құшақтады, сосын Қасым әскерге аттанатын басқа да жолдастары отырған жүк машинасына бет алды…
Шығармаларында соғыс жылдарының сұрапыл кезеңдерін көрсете білген Кемел Тоқаев баспасөзге тән даңғазалық пен бос шелектей қаңғырлаушылық, қызыл сөзділік, жағымпаз жылмақайлық әуенге қарсылық білдіргендей. Қазақстан Халық Қаһарманы, әйгілі партизан, жазушы Қасым Қайсенов баспасөзге берген бір сұхбатында: «Маған үйір боп, табандылық танытып, мен туралы қазақша, орысша кітап жазған Кемел Тоқаевтың еңбегін жоғары бағалаймын», – деген екен. Осы кітапты жазу үшін Кемел Тоқаев Қасым атамен бірге Украинаға дейін бірге барып, партизан достарымен де кездескен екен.
Детективтік салада жазушының «Тасқын», «Көмескі із», «Қастандық», «Сырғабанда болған оқиға», «Таңбалы алтын», «Соңғы соққы», «Ұясынан безген құс» сынды көптеген шығармалары жарық көрді.
Кемел Тоқаевтың шығармаларын араға біраз уақыт салып, қайта парақтар болсақ, оның көпшілік байқай қоймайтын, өз заманында мән бермеген қырлары ашылып, бейне бір жаңа, тың туындылармен сырласып отырғандай күй кешетініңіз жасырын емес. Кемел Тоқаев – даңққа бөленген солдат, қаламы жүйрік жазушы. Рухани асыл қазынамызға қосқан оның да мол үлесі бар. Өнегелі өмір жолы, еңбекқорлығы мен адами қасиеттері жас ұрпаққа үлгі болуға лайық. Ал оның туындылары әдебиет тарихындағы асыл қазына, өшпес мұра болмақ. Біз сол өткен ғасыр тоғысындағы тұлғалы азаматтардың Отан, ел алдындағы адал, ардақты, жанқияр еңбегін жете бағалай алмай келе жатқан сияқтымыз.
Құрметті оқырман! Жоғарыда айтылған Қ.Ж.Тоқаевтың «Әке туралы ой» еңбегін, жазушы өмірі мен тағдыры жайлы «Азамат: Кемел Тоқаев. Өмірі мен тағдыры» және жауынгер жазушының «Солдат соғысқа кетті», «Түнде отылған оқ» атты еңбектерін біздің кітап қорынан алып оқи аласыздар!
Оқу залдары бөлімінің кітапханашысы: Майданбекова А.Д.