Елдіктің өшпес рухы

Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл

«Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай.

Еңку еңку жер шалмай,

Ерлердің ісі бітер ме?!»…

Қазақ халқы әлімсақтан жауынгер халықпыз ғой. Кешегі атойлап, найза көтеріп, жоңғармен де, қалмақпен де ата-бабаларымыз жан алып жан берісті.

Әр дәуірдің де қол бастаған сардары мен сөз бастаған би шешені болды.

Кешегі қазақтың соңғы ханы атанған Кенесары хан тұсында ғұмыр кешкен халқымыздың мұң-мұқтажы мен азаттығы жолында абыройлы ерлік көрсеткен – қазақ хандығының соңғы жырауы Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл.

Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Батыс Қазақстан облысы бұрынғы «Бөкей ордасы» (қазіргі Атырау обл. Индер ауданы) «Жас құс» елді мекенінде дүниеге келген.

Хандық дәуірде ханға тізе бүкпеген ақын:

Хан емессің қасқырсың,

Қас албасты басқырсың.

Достарың сені табалап,

Дұшпаның сені басқа ұрсын деп жырлады.

Шығармаларда айтылатын сенімді серігі әрі досы Исатай Тайманұлымен бірге бас көтеріп, езгіге түскен елін орыс отаршылдығынан құтқару мақсатында бірлесе азаматтық көтерілістер ұйымдастырып отырды. Әкесі Өтеміс те заманында елге белгілі адам болған. Батыр солақай саясатпен арпалыса жүріп ақындығымен де таныла түседі. Шығармаларының дені ұрпақты ұлтшылдыққа, ерлік пен отаншылдыққа бағыттайтын туындылар.

Атап айтар болсақ – кітапханамыздың қорынан: «Біз ер едік», «Ереуіл атқа ер салмай», « Шашақты найза шалқар күй», «Жыр жебе» атты шығармаларын және тағы да басқа мерзімді басылым беттерінде жарияланған ақын жайлы мағлұматтарды оқи аласыздар.

                             Негізгі кітап қорларын сақтау бөлімінің кітапханашысы: Ақбергенов Е.Е.