Өнер психологиясы

Сақтағанов Б. К.

Сақтағанов Б. К. Өнер психологиясы : оқу құралы / Б. К. Сақтағанов, 2022. - 227 б.

Шығармашылық жолы өнер адамын барлық тұрғыда шыңдайтын, көрерменнің шынайы  қабылдауына оңтайлы әсер ететін фактор болып табылады.

Психикалық шынайылықты нақты табу өте қиын. Ол барлық жерде және еш жерде жоқ секілді. Психикалық шынайылық тек өзіндік бақылауға мүмкіндік туғызатын рухани қалыпта ішкі толғаныстар түрінде ғана көрінбейді. Ол сондай-ақ сырттан бақылау мен қабылдау нысандары болып табылатын адамның нышандық іс-әрекет өнімдерінде, сөз сөйлеулерінде, қимылдарына сипатталады.

Кітап қорына келіп түскен «Өнер психологиясы» оқу құралында өнер психологиясының  негізгі бағыттары мен категорияларына түсініктемелер беріледі және өнер психологиясындағы жеке тұлғалық көзқарастар түсіндіріледі.

Оқу құралы мәдениет және өнер саласындағы жоғары білім беру ұйымдарының студенттеріне, өнер ордаларының басшыларына, жалпы өнермен айналысатын шығармашыл тұлғаларға арналған.

 

Құрметті оқырман қауым, жаңа кітаппен танысуға кітапханамызға шақырамыз! КЕЛІҢІЗДЕР! ОҚЫҢЫЗДАР!