Мәдени іс-шаралардың ақпараттық дайджесті, 2014

1 қазан (сәрсенбі) сағат 11.00-де

«Алтын күз»: Халықаралық қарттар күніне және кітапхананың 80 жылдық мерейтойына орай кітапхана ардагерлерімен кездесу

2 қабат, конференцзалы

 

1 қазан (сәрсенбі) сағат 11.00-де

Ұстаздар күніне арналған «Сіз ұстаз болсаңыз» атты әдебиеттер  көрмесіне шақырамыз.

2 қабат, абонемент

 

7 қазан (сейсенбі) сағат 10.00-де

Рухани келісім Күніне арналған «Рухани келісім» атты кітап көрмесінің ашылуы.

3 қабат, оқу залы

 

9 қазан (бейсенбі) сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін

«Кітапхана барлығына ашық»: Қарағандының жоғары оқу орындары мен колледждерінің бірінші курс студенттерін және жалпы білім беретін мектептер мен гимназия оқушыларынжыл сайынғы дәстүрлі ашық есік Күніне шақырамыз!

1-3 қабаттар, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдері

 

13 қазан (дүйсенбі) сағат 11.00-де

Қазақ балалар әдебиетінің классигі, «Менің атым Қожа» кітабының авторы, балалардың сүйікті жазушысы Б.Соқпақбаевқа арналған «Балалар әдебиетінің классигі» атты көрменің ашылуы. Осы кітап желісі бойынша фильм түсірілгені баршамызға мәлім.

2 қабат, абонемент

 

16 қазан, (бейсенбі) сағат 15.00-де

Қазақ кеңес әдебиетінің классигі, қоғам және мемлекет қайраткері, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының тумасы С.Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған «Арқаның биік бәйтерегі» атты әдеби кешінің қонағы болуға шақырамыз!

3 қабат, Оқу залы

 

19 қазан (жексенбі) сағат 15.00-де

Қазақ әдебиетінің классигі, СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қан мен Тер» романының авторы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 90 жылдығына арналған «Жыр-Жауһар» поэзия клубының отырысы өтеді.

2 қабат, конференц залы

 

27 қазан (сәрсенбі) сағат 11.00-де

Жазушы, әдеби сыншы, қазақ тілінен аудармашы, Президенттік Бейбітшілік және Рухани келісім сыйлығының Лауреаты Бельгер Герольд Карловичке арналған «Писатель, политик, мудрец» атты кітап көрмесінің материалдары. «Казахское слово» атты кітабы қазақ тіліне арналған гимн іспеттес.

2 қабат, Өлкетану бөлімі

 

30 қазан, (бейсенбі), сағат 11.00-де

Қаламызға есімдері кең жайылған М.Балыкин, Г.Григориади, А.Салеховқа арналған «Поэтикалық Қарағанды» атты кітап көрмесінің ашылуы. М.Балыкин – «Марианна» поэмасының авторы, Г.Григориади – «Магнит» әдеби бірлестігінің негізін қалаушы, А.Салехов- лирикалық өлеңдердің авторы. Олар әртүрлі арнада болғанымен, олардың өткені мен тақырыптары ортақ: олар соғыс кезеңінде өмір сүрген замандастар, поэтикалық мұраларының көпшілігінде Қарағанды өлкесі мен кеншілердің еңбектерін жырға қосқан.

2 қабат, Өлкетану бөлімі

Қазан айы бойы әр жексенбі сайын:

10.00-де - «Балаларға арналған ағылшын тілі»

14.00-де – Ағылшын тілінде сөйлесу клубы

Дүйсенбі, бейсенбі күндері сағат 17.00-де – «Жаңадан үйреніп жүргендерге арналған ағылшын тілі»