Қазақ өнерінің «Ботагөзі»

Қазақтың маңдайына біткен көркемөнер иесі кескіндемеші, театр және кино суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері,  кезінде «тал бойында бір мін жоқ» деп ақындар жырлайтын сұлу да сымбатты Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылованың туғанына биыл 85 жыл(1929-2013 жж.) толды.

Гүлфайрус Исмайылова қазақтың ұлттық бейнелеу өнеріне зор үлес қосты, сонымен қоса қазақ кино қорының қазынасына айналған – «Қыз Жібек» фильмінде Қыз Жібектің анасы – әдемі, ақылды және қасиеті мол әйелдің ролін сомдады. Қазақ өнерінің «Ботагөзі» атанған Қазақстанның Халық суретшісі туралы кітаптарды бәріміз бірге оқылық!

Келіңіздер! Оқыңыздар!