Мәдени іс-шаралардың ақпараттық дайджесті. 2015 жыл, ақпан.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2015 жылдың 1-28 ақпан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

Ақпан айының қысқа күнтізбесіне қарамастан осы айда өткізілетін кітапхана шараларының кестесі тығыз, айтулы іс-шараларға толы болып отыр.

2 ақпан (дүйсенбі) 11.00

Оқу залында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Біз тұратын ел» = «Страна, в которой мы живем» атты кітап көрмесі ашылады.

2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланды және осы жыл Ата заңымыз – Қазақстан Республикасы Конституцияның 20 жылдық мерейтойы. Кітапхана жылдың маңызды оқиғалары туралы ақпараттандыру жұмысын белсенді атқарып келеді.

3 қабат, оқу залы.

3 ақпан (сейсенбі)

Белгілі қазақ жазушысы, қазіргі заман әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан М.Мағауиннің 75 жылдығына арналған «Әлемді қаламмен жаулаған қаламгер» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

2 қабат, абонемент

9 ақпан (дүйсенбі)

Өлкетану бөлімі КСРО жазушылар одағының мүшесі, ақын Қабыл Боранбаевтың (1915-1978) 100 жылдығына арналған «Балғындар жүрегіне жол тапқан» атты кітап көрмесіне шақырады.

2 қабат, өлкетану бөлімі

10 ақпан (сейсенбі) 

Абонемент бөлімі Нобель сыйлығының Лауреаты Б.Пастернактың 125 жылдығына арналған «Литературный календарь» кітап көрмесіне шақырады. ХХ ғасырдың кеңес әдебиетінде А.Солженицынды есепке алмағанда, бірде-бір есім осыншама құлдырау сынына ұшырамаған болар. Оның кітабын оқымаса да барлық дәрежедегі адамдар әрқашан теріс пікір айтып келді. Көпшілік оны прозашы емес, ақын деп таныған. Оның «Быть знаменитым некрасиво», «Скрещенья рук, скрещенья ног, судьбы скрещенья», «Любить иных – тяжелый крест» өлеңдері әлемдік лирикада мәңгіге сақталары сөзсіз.

2 қабат, абонемент

18 ақпан (сәрсенбі) 12.00

Тарих беттерін көркем сөзбен бедерлеп, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері І.Есенберлиннің 100 жылдығына арналған «Қазақ тарихының көркем шежірешісі» атты әдеби кешке шақырамыз. Қазақтың белгілі жазушысы өзінің шығармашылық жолын ақын және драматург ретінде бастаған. Проза жанрында жас қазақ зиялыларына, Маңғышлақ алғашқы тың игерушілеріне және мұнайшыларына арналған «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Алтын құс» шығармаларын жазды, осы шығармалары арқылы республикамыздың ірі жазушылар қатарына қосылды. 1968 жылы І.Есенберлинге «Айқас» романы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілген болатын. Сол кездері жазушыда тарихи роман жазу идеясы туындады, тарихи материалдарды жинақтап өңдеу жұмыстарын үздіксіз атқара бастады. Ол еліміздің әртүрлі қалаларында болып, көптеген мұрағаттарды қараған, өткен қазақ халқының тарихын тынымсыз меңгеріп, зерттеген.

1969 жылы «Хан Кене» романы, 1971 және 1973 жылдары «Алмас қылыш» пен «Қаһар» атты романдары жарыққа шықты. Аталмыш еңбектер автордың «Көшпенділер» тарихи трилогиясын құрап, сол жылдары-ақ бүкілодақтық көпшілік қауымның игілігіне айналды. Бүгінгі күні бұл еңбек қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде толық жинақ болып алғаш рет жарық көрді

3 қабат, оқу залы

21 ақпан (сенбі)

Кітапхана жазушы, аудармашы, публицист және қоғам қайраткері, Президенттің "Бейбітшілік және келісім" сыйлығының лауреаты Герольд Бельгерді еске алу кешіне қатысады. Кеш "Видергебурт" неміс орталығында өткізіледі.

"Видергебурт" неміс орталығы

23 ақпан (дүйсенбі) 11.00

«Жас өлкетанушы» клубының отырысына шақырамыз. Отырыс тақырыбы «Әдеби Қарағанды». Отырысқа «Магнит» әдеби бірлестігінің мүшесі Т.Дубовская қатысады.

2 қабат, өлкетану бөлімі

24 ақпан (сейсенбі) 15.00    Өнер туралы әдебиеттер бөлімі композитор, күйші, шертпе күйдің шебері Тәттімбет Қазанғапұлының (1815-1862) 200 жылдығына арналған «Шертпе күйдің шебері» = «Домбра волшебная моя» атты сазды әдеби кешке шақырады. Оның шығармашылығы қазақ музыкасында ерекше орын алады. Тәттімбеттің күйлері ұрпақтан ұрпаққа берілген рухани мұра. Олардың ішінде белгілісі «Сылқылдақ», «Көкейкесті», «Алшағыр», «Бестөре», «Шертпе күй» және т.б.

3 қабат, оқу залы

26 ақпан (бейсенбі)

Дәстүр бойынша Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні қарсаңында оқу залы «Азаматтардың қауіпсіздігі – басты міндет» атты кітап көрмесін назарға ұсынады. Қазақстан екі халықаралық ұйымның толық құқылы мүшесі болып табылады: Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы және Апаттардың алдын-алу жөніндегі Азиялық орталығы. 1997 жылы 31 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына қосылуы туралы» Заңы күшіне енді.

3 қабат, оқу залы

26 ақпан (бейсенбі)

Өлкетану бөлімі Қазақстан жазушылар Одағының мүшелері, ақын Серік Ақсұңқарұлына (1950 жыл, 29 наурыз) және Сәбит Бексейітке (1950 жыл, 20 ақпан) арналған «Поэзия – ақынның алтын тағы» атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырады.

С.Ақсұңқарұлының шығармашылығы қазақ оқырмандарына таныс. 1980 жылдан бастап Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі. Бүгінгі күні Қазақстан жазушылар Одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры. Халықаралық «Абай» клубының мүшесі, ҚР Президентінің стипендиаты.

Ақтоғай, Қарқаралы, Қарағайлы және Талды кенттерінің аудандық газеттерінде еңбек еткен, «Орталық Қазақстан» облыстық газетінде тілші болған.

Көптеген поэтикалық жинақтардың, «Адам ата – һауа Ана» трагедиясының, «Шайтанкөл» әнінің сөзі мен музыкасының авторы. Шиллердің, Ибсеннің, Есениннің, Цветаеваның, Ахматованың, Евтушенконың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ол аударған «Памятник», «Я вас любил» өлеңдерінің қазақ тіліндегі аудармалары Пушкиннің соңғы академиялық басылымына енген.

Сәбит Бексейіт 11 кітаптың авторы, 2005 жылдан бастап Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі. Алғашқы өлеңдер жинағы 2000 жылы жарық көрген. «Астана уақыты» жыр кітабы үшін Қарағанды облысы әкімінің ақын-жазушыларға белгілеген «Алтын жол» номинациясы сыйлығымен марапатталған. А.Плещееваның, А.Вознесенскийдің, Э.Межелайтистің және тағы басқа ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Оның аудармасымен орыс тілінде «Тарихи дастан» поэмасы жарыққа шықты.

27 ақпан (жұма) 11.00

Мұзбалақ ақын М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн конференция Гуманитарлық колледжімен бірлесе отырып өткізіледі.

2 қабат, конференц-зал