Мәдени іс-шаралардың ақпараттық дайджесті. 2015 жыл, наурыз.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 2015 жылдың 1 - 31 наурызына арналған мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

1 наурыз (жексенбі)

"Азаматтардың қауіпсіздігі – басты міндет" атты Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған кітап көрмесі мен осы тақырыптағы әдеби шолуға шақырамыз.

3 қабат, оқу залы.

 

2 наурыз (дүйсенбі)

Көктемнің керемет мейрамдарының бірі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінің тарихы жайлы, еліміздің дамуына үлес қосушы нәзік жандар мен мейірімділіктің нұрын сепкен ардақты аналар туралы "Әйел – өмір, әйел – мейірім" атты кітап көрмесі баяндайды.

3 қабат, оқу залы.

 

6 наурыз (жұма)

Химия мен металлургия саласында еңбек еткен қазақстандық көрнекті ғалым, жазушы, ақын, Қазақ ССР ҒА академигі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО жазушылыр Одағының мүшесі Е.А. Бөкетовтің өмірі мен еңбек жолы туралы "Өлкеде өмір ізі қалған" кітап көрмесі.

2 қабат, өлкетану бөлімі.

 

11 наурыз (сәрсенбі) сағат 11.00-де

Жеңістің 70 жылдығына орай "Жеңіс жыры асқақтасын жаңғырып" атты поэтикалық кеш өтеді. Кеш барысында соғыс кезеңіндегі ақындардың және жас ақындардың соғыс туралы өлеңдері оқылады.

2 қабат, конференц-залы.

 

15 наурыз (жексенбі) 11.00-де

Наурыз мейрамы қарсаңында қазақ жазушыларының шығармаларындағы қазақ халқының тарихына арналған "Нұр себеле ұлыстың ұлы күні" атты "Жыр-Жауһар" поэзия клубының отырысы өтеді.

2 қабат, конференц-залы.

 

16 наурыз (дүйсенбі)  13.30-да.

Жеңістің 70 жылдығына орай "Поклонимся великим тем годам…" атты "Жас өлкетанушы" үйірмесі мүшелерінің ұйымдастыруымен ерлік сабағы өтеді.

2 қабат, өлкетану бөлімі.

 

16 наурыз (дүйсенбі)

Оқу залы көктем мерекесіне арналған "Бақ берекем, құт мерекем – Әз Наурыз" атты кітап көрмесімен танысуға шақырады. Көрмеде тарихи тамыры тереңге бойлаған ырыс пен ынтымақтастықтың бастауы мен жақсылықтың жаршысына айналған Наурыз мерекесі туралы материалдар назарға ұсынылады.

3 қабат, оқу залы.

 

25 наурыз (сәрсенбі)

Қазақ жырының ары мен абыройын арқалап, ұлттық поэзиямызды әлемдік биікке көтерген, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің 80 жылдығына арналған "Жырдың жарық жұлдызы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

2 қабат, абонемент.

 

27 наурыз (жұмы)

Белгілі ақын В.Тушнованың 100 жылдығына арналған "Я стучусь в твое сердце" атты кітап көрмесі. Ақын 1965 жылы дүниеден озған. Ресейдің танымал әншісі А.Пугачеваның орындауындағы "Не отрекаются, любя", "А знаешь, все еще будет! Южный ветер еще подует" әндерінің сөзін жазған.

2 қабат, абонемент.

 

29 наурыз (жексенбі)  11.00-де.

"Праздник весны и обновления": Традиция празднования Наурыз мейрамы Әдеби қонақжайдың отырысы.

2 қабат, конференц-зал.

 

29 наурыз (жексенбі) 14.00-де

"Вива, Лингва" клубының Наурыз мерекесінің тарихы  мен қазақ халқының салт-дәстүрлеріне арналған отырысы

2 қабат, конференц-зал.