Мәдени іс-шаралардың ақпараттық дайджесті. 2015 жыл, сәуір.

1 сәуір (сәрсенбі)

Сәуір айы көптеген қызықтарға толы ай. Өйткені 1 сәуір - Халықаралық күлкі күні. Жыл сайынғы бұл дәстүрлі мереке күні әзілі жарасқан адамдар өзара әзілдесіп, құрдастар қалжыңдасып жатады. Бұл да жарасымдылықтың бір белгісі. Бұл күні барша жұртшылық бір-бірінің көңілін қалжыңмен көтеруге тырысады және де қалжыңға ешкім ренжімейді. Барша оқырман қауымды белгілі сатириктердің шығармашылығына арналған "Күлкі әлемі" атты кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.

2 қабат, өнер туралы әдебиеттер бөлімі

 

1 сәуір (сәрсенбі)

Э.Золяның 175 жылдығына арналған "Глашатай художественнойправды" кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз. Француз әдебиетінің классигі, реалист, өзінің атақты "Ругон-Маккары" отбасылық эпопеясында Екінші империяны (Франция, XIX ғасырдың екінші жартысы) ешбір өзгеріссіз әлеуметтік қарама-қайшылық дәуірін көрсете білген және Дрейфустің ісінде де, айыпталушы жағына шығып қорғады.

2 қабат, абонемент

 

2 сәуір (сәрсенбі)

"Халық денсаулығы – ұлт байлығы" атты әлемдік денсаулық күніне арналған кітап көрмесіне шақырамыз. Кітап көрмесінің басты идеясы – өз денсаулығың өз қолыңда.

3 қабат, оқу залы.

 

7 сәуір (сейсенбі) сағат 11.00

"Ерлік ешқашан ұмытылмайды" атты Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған кеш. Кештің басты тақырыбы – қарағандылық қылқалам шеберлерінің шығармашылығындағы Ұлы Отан соғысы. Ұйымдастырушылар – өздерінің бірегей іс-шараларымен ерекшеленетін өнер туралы әдебиеттер бөлімі.

2 қабат, конференц зал

 

7 сәуір (сейсенбі) сағат 15.00

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам" мақаласында айтылған бағдарламалық мақсаттарды жүзеге асыру аясында дайындалған "Мамандықтар әлемі" диалогына шақырамыз.

3 қабат, оқу залы.

 

8 сәуір (сәрсенбі)

"Ел Президентінің сайлауы" атты ақпараттық-насихат стендінің материалдарымен танысуға шақырамыз.

1 қабат, кітапхана холлы

 

10 сәуір (жұма)

Ақын Вс.А. Рождественскийдің 120 жылдығына арналған "Мировая художественная литература" сериясынан алынған "Может, этим я живу..." атты кітап көрмесі.

2 қабат, абонемент

 

14 сәуір (сейсенбі) 15.00

Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен "Достық пен ұлтаралық келісім - мұратымыз" атты кездесу-кешіне шақырамыз. Кеш Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында халықаралық кітаптар бөлімінің ұйымдастыруымен өтеді.

2 қабат, конференц-зал

 

15 сәуір (сәрсінбе)

"Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар". – деп жырлады һакім Абай. Егер махаббат сезімі болмаса адамдар жауыз жыртқышқа айналар еді. Махаббат бар жерде – адамгершілік те, ізгілік те бар. Ал ұлы сезім махаббат жайлы ұрпақ санасында оң көзқарас қалыптастыру үшін, өмір жолдары ізгілік пен сүйіспеншілікке толы ғашықтар жайлы жазылған әдеби туындыларға зер салған жөн. Осы мақсатта15-сәуір күні "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" күні болып белгіленген болатын. Жастарды өмірге ынтықтыру, бойларында адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, ұлтымыздың эпостық жыр-дастандары мен ғашықтық жырларын насихаттау мақсатында "Жыр-Жауһар" поэзия клубының ұйымдастыруымен жоғары және орта оқу орындары студенттері арасында "Сезім деген – ең әуелі мөлдірлік" атты ғашықтар күніне арналған мерекелік әдеби-сазды сайыс өтеді.

2 қабат, конференц-зал

 

16 сәуір (бейсенбі) сағат 15.00

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай және Н.В. Асеев атындағы Курск облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен мәдени әріптестік аясында өлкетану бөлімі "Курск шайқасына қатысқан қарағандылықтар"-"Карагандинцы – участники Курской битвы" он-лайн конференциясын өткізеді. Баршаңызды он-лайн конференцияға қатысуға және Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ұмытылмас ерліктеріне құрмет көрсетугешақырамыз.

2 қабат, конференц-зал

 

19 сәуір (жексенбі) сағат 11.00

Абонемент бөлімі "Жыр-Жауһар" поэзия клубының белсенді қатысуымен С.Ақсұңқарұлының 65 жылдығына арналған "Сайын даланың тағысымын мен..." атты шеберлік сыныбын өткізеді. С.Ақсұңқарұлы - Қазақстанның белгілі ақындарының бірі, Қазақстан жазушылар Одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры, "Сарыарқа кітапханасы" 100 томдық кітап сериясының құрастырушыларының бірі, кітапхананың бұрыннан келе жатқан досы әрі кітапхананың әдеби бастамаларының қолдаушысы.

2 қабат, конференц-зал

 

22 сәуір (сәрсенбі) сағат 15.00

Кітапхана оқырмандарын сәуір айының маңызды шараларының бірі "Жеңістің өшпес шырағы" атты соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлерінің қатысуымен өтетін кездесу кешіне шақырамыз. Кеш ұйымдастырушысы - оқу залы, бұл бөлім қаңтар айынан бері Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған көптеген шаралар өткізіп келе жатыр. "Ұлы соғыс жолымен" атты көлемді әдеби кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кеш барысында "Жауынгерлердің үшбұрыш хаттары" Акциясын қорытындылау негізінде "Майданнан келген хаттар" блогының тұсаукесері өтеді.

3 қабат, оқу залы

 

22 сәуір (сәрсенбі) сағат 11.00

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында және Әлемдік Жер күніне орай Интернет секторы мен Халықаралық кітаптар бөлімі "Өмір энергиясы" атты экологиялық фотосуреттер байқауының қорытындысын жариялайды.

2 қабат, конференц-зал

 

22 сәуір (сәрсенбі)

Әдебиетіміздің ірі өкілі, барлық жанрда қалам тербеген қазақтың аса көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері С.Мұқановтың 115 жылдығына арналған "Қазақ әдебиетінің Эльбрусы" атты кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.

2 қабат, абонемент

 

24 сәуір (жұма)

Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған "Қуаттылығымыз ынтымақтастықта" атты кітап көрмесінің ашылуы. Көрмеде Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі қалыптасу кезеңін бейнелейтін материалдар ұсынылады.

3 қабат, оқу залы

 

24 сәуір (жұма)

Қарағандылық журналист, публицист, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, Жезқазған өңірінің құрметті азаматы В.М. Могильницкийдің 75 жылдығына арналған "Я не казах, но был рожден в ауле прямо на траве..." атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз

2 қабат, өлкетану бөлімі

 

26 сәуір (жексенбі) сағат 11.00

Әдеби қонақжай клубының қатысушыларымен өтетін "Бір ел-бір кітап" Акциясының ашылуы. 2015 жылы ұйымдастыру комитеті І.Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясын жаппай оқуға ұсынды.

2 қабат, конференц-зал

 

27 сәуір (дүйсенбі) 14.00

"Великая Отечественная война в истории моего края, моего города, моей семьи" шығармалар байқауының қорытындысын жариялайтын "Жас өлкетанушы" үйірмесінің отырысы өтеді. Отырыс бағдарламасында тарихи-өлкетану мұражайының "Единство фронта и тыла" атты жаңа көрмесі назарға ұсынылады.

2 қабат, конференц-зал