15-сәуір күні «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»

15 сәуір (сәрсінбе)

«Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар». – деп жырлады һакім Абай. Егер махаббат сезімі болмаса адамдар жауыз жыртқышқа айналар еді. Махаббат бар жерде – адамгершілік те, ізгілік те бар. Ал ұлы сезім махаббат жайлы ұрпақ санасында оң көзқарас қалыптастыру үшін, өмір жолдары ізгілік пен сүйіспеншілікке толы ғашықтар жайлы жазылған әдеби туындыларға зер салған жөн. Осы мақсатта 15-сәуір күні «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» күні болып белгіленген болатын. Жастарды өмірге ынтықтыру, бойларында адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, ұлтымыздың эпостық жыр-дастандары мен ғашықтық жырларын насихаттау мақсатында «Жыр-Жауһар» поэзия клубының ұйымдастыруымен жоғары және орта оқу орындары студенттері арасында «Сезім деген – ең әуелі мөлдірлік» атты ғашықтар күніне арналған мерекелік әдеби-сазды сайыс өтеді.

2 қабат, конференц-зал

Дата: 

15 April, 2015 - 09:00 to 18:00