Мәдени іс-шаралардың ақпараттық дайджесті. 2015 жыл, мамыр.

4 мамыр (дүйсенбі)

Баршаңызды 7 мамырОтан қорғаушылар күніне арналған "Отан қорғау – ел салты" атты кітап көрмесіне шақырамыз. Отан қорғаушылар күні 1992 жылдан бастап мерекеленіп келеді. Бұл дата 1992 жылы 7 мамыр күні жоғарғы бас қолбасшы Н.Ә. Назарбаевтың ұлттық қарулы күштерді құру туралы жарлыққа қол қойған күнмен байланысты. 2012 жылы 7 мамыр мемлекеттік мереке және демалыс күні болып белгіленді.

3 қабат, оқу залы.

 

4 мамыр (дүйсенбі)

Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысына қатысқан М.Ғабдуллиннің прозалық құжаттамалық-көркем шығармаларымен "Соғыс туралы: Көз көрген" атты кітап көрмесі арқылы танысуға шақырамыз.

2 қабат: абонемент

 

6 мамыр (сәрсенбі)

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы туралы материалдар қамтылған "Тарихтан мұрағат, ұрпаққа ұлағат" атты кітап көрмесі.

2 қабат, абонемент

 

14 мамыр (мамыр)

Қарағандылық жазушы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Ө.Кәріпұлыныңшығармашылығы жайлы "Көргені көп, түйгені мол" атты кітаптар мен басылымдар  жинақталған көрмесіне шақырамыз. Кітап көрмесі жазушының 75 жылдығына арналған.

2 қабат, өлкетану бөлімі

 

15 мамыр (жұма) 20.00

Баршаңызды жыл сайынғы "Гоголевкадағы Кітапхана түні" жастар Акциясына шақырамыз. Әдеттегідей арнайы Сіздерді үшін сыйлықтар, ойындар мен викториналар.

1-3 қабат, қызмет көрсету бөлімдері

 

17 мамыр (жексенбі) сағат 11.00

Поэзия сүйер қауымды "Жыр-Жауһар" поэзия клубының белсенділерінің ұйымдастыруымен өтетін ақын О.Асқардың 80 жылдығына арналған "Аққудың қанатына жазылған жыр" әдеби-музыкалық кешке шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал

 

18 мамыр (дүйсенбі) 14.00

Қоршаған ортаны қорғау шараларына арналған "Природа родной земли" атты "Жас Өлкетанушы" үйірмесінің отырысы.

2 қабат. өлкетану бөлімі

 

18 мамыр (дүйсенбі)

"Бір ел-бір кітап" Акциясы аясында ұйымдастырылған "Ілияс Есенберлин және оның әлемі" атты кітап көрмесінде ұсынылған тарихи проза шебері І.Есенберлиннің шығармаларымен танысуға шақырамыз.

3 қабат, оқу залы.

 

19 мамыр (сейсенбі)

2013 жылдан бастап Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні болып белгіленді. "Мәдениет мәйегі – ұлт рухы" атты кітап көрмесінде Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің дамуы және отандық мәдениетіміздің беделді қайраткерлері туралы материалдар назарға ұсынылған.

3 қабат, оқу залы

 

24 мамыр (жексенбі) 11.00

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні: "Рәміздер мәртебесі биік болсын!" атты дөңгелек  үстелге қатысуға шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал

 

25 мамыр (дүйсенбі)

Әлем әдебиетінің ұлы ғұламаларының бірі, итальян әдеби тілінің негізін салушы,"Құдіретті комедия" - "Божественная комедия" шығармасының авторы Данте Алигьери 750 жасқа толады. Сіздерді ақынның шығармашылығына арналған "Человек-светоч" атты кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.

2 қабат, абонемент

 

26 мамыр (сейсенбі) 15.00

Белгілі қоғам қайраткерлері Н.Нұрмақов, И.Әлімбековтың және Б.Айбасовтың өмірі мен қызмет жолдарына арналған өлкетану клубының отырысы. Аталмыш отырыс  31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған.

Н.Нұрмақов – (1895-1937), белгілі саяси қайраткер, Қырғыз АКСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы, РКФСР Жоғарғы Сотының қазақ бөлімінің төрағасы. Контрреволюциялық әрекеті үшін жалған айып тағылып, атылды. 1956 жылы ақталды.

И.Әлімбеков – (1885-1937), белгілі философ, тарихшы, педагог. 1937 жылы атылды. 1989 жылы ақталды.

Б.Айбасов – (1895-1938), Қазақстанда ауылшаруашылық өндірісіналғаш рет ұйымдастырушы. 1938 жылы атылып, 1958 жылы ақталды.

2 қабат, конференц-зал.

 

31 мамыр (жексенбі) 11.00

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған негізгі шаралар қатары "Жди меня и я вернусь" Әдеби қонақжайдың әдеби кешімен аяқталады. Кеш барысында ақын К.Симоновтың шығармашылығы мен оның соғыс лирикасы туралы әңгіме жүргізіледі. Әрине Ұлы Отан соғысы кезіндегі "Жди меня и я вернусь" атты кең таралған өлеңге басты назар аударылатыны сөзсіз. Баршаңызды кешке қатысуға шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал