Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2015 жылдың 1-31 маусым күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

Көптен күткен жайдарлы жаз мезгілі де келіп жетті. Жаз мезгілінде кітапханаларда әрқашан да тыныштық орнайды, бірақ бұл бізге қатысты емес. Себебі, біздің кітапханашылар оқырмандарды өзі іздеп табады. Маусым айында Жазғы Оқу қаласы өз жұмысын бастайды.

1 маусым (дүйсенбі)

Бұл күн балалар үшін ең қуанышты күн, өйткені 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бүлдіршіндер үшін «Балалығым-бақытым» атты қызықты ойын көрмесі ұйымдастырылады.

2 қабат, абонемент.

2 маусым (сейсенбі)

Абонемент бөлімі әлем әдебиеті классиктерінің көрмелер топтамасын ұйымдастыру және оқырмандарды олардың өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыру жұмыстарын жалғастыруда. Ағылшын әдебиетінің классигі Т.Гардидің 175 жылдығына арналған «Поэт и прозаик» атты кітап көрмесі өтеді. Кезінде Кеңес Одағының әйелдер қауымы оның ағылшын аруының қиын тағдыры туралы «Тэссизрода д'Эрбервиллей» атты романын сүйіп оқыған.

         2 қабат, абонемент

11 маусым (бейсенбі) 11.00-де

Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылғанҚазақстан Республикасы мен АҚШ Ұлттық мұрағатының кино-фото құжаттарының мұрағатынан алынған Екінші дүниежүзілік соғысқа арналған «ОднаПобеда:1945-2015» атты фото көрменің ашылуына шақырамыз.

3 қабат, оқу залы.

17 маусым (сәрсенбі)

Қазақтың көрнекті ғалым-әдебиетттанушысы, филология ғылымының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Р.Нұрғалиевтың 75 жылдығына арналған «Зерделі ойдың зергері» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

Р.Нұрғалиевтың  ғылыми ізденістерінің негізгі бағыттары: стиль мен поэтика, жанр мәселелері, қуғын-сүргінге ұшыраған жазушылардың шығармашылық мұрасы, әдебиет текстологиясы мен теориясы. Ол қазіргі заманның көркем әдістері мен дәстүрлерін зерттеушілердің бірі. Зерттеу нәтижелері «Древо обновления» атты монографиясында жүйеленген.

         2 қабат, абонемент

18 маусым (бейсенбі) 11.00-де

Баршаңызды Жазғы Оқу қаласының ашылуына шақырамыз. Аптасына 2 рет сейсенбі мен бейсенбі күндері қала тұрғындары Мәңгілік алау алаңындағы гүлзарда әртүрлі кітаптар мен журналдарды оқу мүмкіндігіне ие болады, ал балалар үшін әртүрлі байқаулар мен викториналар өткізіледі. Өткен жылғы дәстүр бойынша буккроссинг ұйымдастырылады.

Мәңгілік алау алаңындағы гүлзар. Қызмет көрсету бөлімдері

21 маусым (жексенбі)

Әйелдер прозасын сүйіп оқитын оқырмандарды Франсуаза Саганның 80 жылдығына арналған «Здравствуй, грусть» атты кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.

«Здравствуй, грусть» романынан Ф.Саганның ерте және екпінді шығармашылық жолы басталған болатын. Осы романның бұрын болып көрмеген табысы жазушыға Сыншылардың беделді әдеби сыйлығына қол жеткізіп, әлемдік танымалдылық пен байлық әкелді.

         2 қабат, абонемент.

25 маусым (бейсенбі)

«Нашақорлық - қасірет белгісі» атты кітап көрмесі Халықаралық нашақорлықпен күрес күні қарсаңында ұйымдастырылған.

2 қабат, абонемент

26 маусым (жұма) 11.00-де

Баршаңызды «Дабыл қағамыз - нашақорлық»: Қарағанды жастары нашақорлыққа қарсы» атты жастар Акциясына қатысуға шақырамыз.

Мәңгілік алау гүлзары, абонемент.

28 маусым (жексенбі) 11.00

6 шілде – Астана күніне арналған «Жас әрі сенімді – Астана» атты дөңгелек үстелге шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал