1 шілде (сәрсенбі)
"Астана – символ Казахстана" кітап көрмесіне шақырамыз. Астананың құрылуы мен өркендеуі туралы жан-жақты ақпаратты осы көрмеге қойылған құжаттар арқылы біліп, танысуға болады.
2 қабат, абонемент.
3 шілде (жұма)
"Әлем таныған ұлы тұлға" атты кітап көрмесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа арналады.
2 қабат, абонемент
15 шілде (сәрсенбі)
"Заманның жырлап тынысын". Көрме ақын, аудармашы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі Қ. Боранбаевтың 100 жылдық мерейтойына (1915-1978) арналады. Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы Петропавловск педагогикалық техникумын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ақын Қарағанды облысында және Балқаш қалаларында мұғалім және мектеп директоры, Түркістан педагогикалық училищесі директорының орынбасары, ҚазТАГ редакторы, "Пионер" (қазір "Ақ желкен") журналы редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. "Дәурен", "Балалар шаттығы", "Ант", "Дос отряд", "Тапқыр бала", "Дән дария" өлең жинақтарының авторы. Б.Некрасов, В.Маяковский, К.Симонов шығармаларын қазақ тіліне аударған.
2 қабат, абонемент
16 шілде (бейсенбі)
Металлургтер күні қарсаңында "Человек труда" сериясы аясында ұйымдастырылатын "Люди огненной профессии" көрмесіне шақырамыз.
2 қабат, өлкетану бөлімі
17 шілде (жұма) 11.00
Металлургтер құрметіне "Люди и профессии: металлург- профессия отважных" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
2 қабат, халықаралық кітаптар бөлімі.
26 шілде (жексенбі)
Француз жазушысы А.Моруаның туғанына 130 жыл толуына орай "Мастер биографического жанра" атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. Кезінде оқырмандар қолынан түспейтін А. Моруаның көркем-деректі романдары ерекше сұраныста болатын. Жазушы кейіпкерлері - белгілі жазушылар Бальзак, Гюго, Стендаль, Жорж Санд, Дюма, Тургенев. Ал А. Моруаның "Письма к незнакомке", "Фиалки по средам" психологиялық новеллалары нәзік жанды оқырмандар арасында қызығушылық тудыратын.
2 қабат, абонемент