Мәдени іс-шаралардың ақпараттық дайджесті. 2015 жыл, тамыз.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2015 жылдың 1-31 тамыз күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

3 тамыз (дүйсенбі)

Көпшілік өнер түріне қызығушыларды "Искусство кино" кітап көрмесіне шақырамыз. Ұсынылған материалдарда классика мен авангардтық кино әлеміне сапар шегуге мүмкіндік беріп,  заманауи қазақстандық кино өнері туралы баяндалады.

3 қабат, өнер туралы әдебиеттер бөлімі

 

5 тамыз (сәрсенбі)

Француз жазушысы Ги де Мопассанның 165 жылдығына арналған "Французский Чехов" атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.

2 қабат, абонемент

 

9 тамыз, (жексенбі) сағат 11.00

Абай Құнанбаевтың (1845-1904) 170 жылдығына арналған "Ақын, ұлы ойшыл, ағартушы" атты дөңгелек үстелге шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал

 

10 тамыз (дүйсенбі)

"Ұрпағымен үндескен ұлы ақын" атты кітап көрмесіне шақырамыз. Көрмеде ұсынылған материалдарда ұлы ағартушы, философ, ақын Абай Құнанбаевтың (1845-1904) өмірі мен шығармашылық жолы туралы баяндалған.

2 қабат, абонемент

 

11 тамыз, (сейсенбі)

Шахтерлер күні мерекесіне арналған "Слава шахтерскому труду" атты фотокөрменің ашылуы.

2 қабат, өлкетану бөлімі

 

17 тамыз (дүйсенбі)

2015 жылдың маңызды оқиғасы ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған "Ата Заң - елдігімнің еңсесі" атты кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

23 тамыз (жексенбі) сағат 11.00

"Вива, Лингва" сөйлесу клубы шараларының аясында ұйымдастырылған ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған "Конституция – кемел келешектің кепілі" атты дөңгелек үстел.

2 қабат, конференц-зал