Қазіргі таңда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп тәрбиелеуде шет тілін оқытудың маңызы зор. Сондықтан кез-келген ата-ана өз баласының шетел тілін үйреніп, сөздер мен сөйлемдерді құрастыруға, шетел тілінде ойын еркін жеткізуге үйренуіне үлкен мән беріп, баланың оқып жетілуіне белсенді араласуы шарт.
Осы ойды түйген ата-ана үшін көмегін беріп, қолдау көрсететін бірден-бір орын – кітапханамызда жұмыс жасайтын халықаралық әдебиеттер бөлімі. Осы бөлімнен әлемнің көптеген тілдері жайлы мағлұмат алып қана қоймай, сонымен бірге сөздік, энциклопедия, анықтамалар арқылы тіл үйренуге болады. Ал ағылшын тіліне қызығушылық танытқан бүлдіршіндер үшін аталмыш бөлімнің бастамасымен қызықты ағылшын тілін үйрену клубы жұмыс жасайды.
Балалар биылғы жазғы демалыстарын қызықты, әрі пайдалы өткізуде.Аптасына үш рет кітапханаға келіп, ағылшын тілі әлемінде екі сағатын пайдалы өткізеді.
Клубтың жұмысы әрбір сейсенбі, бейсенбі және жұма күндері сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін өткізіледі.