Ағылшын және қазақ тілдерінің салыстырмалы грамматикасы

Баданбекқызы, З.  Ағылшын және қазақ тілдерінің салыстырмалы фонетикасы [Мәтін] : [оқу құралы] / З. Баданбекқызы. - Алматы : Бастау, 2010. - 227 б.

 

Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.

Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік

Ғабит Мүсірепов

Биылғы 2015 жылы халықаралық әдебиеттер бөлімі қыркүйек айының кітабы ретінде "Ағылшын және қазақ тілдерінің салыстырмалы грамматикасы" атты еңбекті оқырмандар назарына  ұсынып отыр.

Авторы: Баданбекқызы Зәуре –доцент,филология ғылымдарының кандидаты.Ғылыми жұмыстарының басты бағыты –қазақ-ағылшын тілдерінің салыстырмалы фонетикасы мен грамматикасы.Мысалы,"English for beginners.Алғаш үйренушілерге арналған оқу құралы"( үнтаспада), 1995; "Қазақша –ағылшынша тілдескіш",1996; " English.Ағылшын тілі",1997; "English grammar in tables.Кесте түрінде берілген ағылшын тілі грамматикасы",1998; "Қысқаша қазақша-ағылшынша экономикалық сөздік", 2000; "Фонетикалық курс.Phonetic course" (үнтаспада),2003; "Ағылшын тіліндегі шақтар.English tenses", 2004; "Articles, prepositions and pronouns in use", 2006; "Modern English and Kazakh Grammar in Comparison", 2008.

Оның 50-ден астам ғылыми мақаласы халықаралық, республикалық  ғылыми конференциялардың жинақтарында, әртүрлі басылымдарда, тақырыптық журналдарда жарық көрді.

Ұсынылған оқу құралының басты мақсаты- ағылшын тілі мен қазақ тілінің грамматикасын салыстыра отырып, оны қазақ аудиториясына жеткізу.

Кітап морфология,синтаксис, ағылшын тілі грамматикасына қатысты қосымша жаттығулардан, пысықтауға арналған жаттығулар мен тест сұрақтарының жауаптарынан және қосымшадан тұрады.

Кітаптағы грамматикалық материалдардың жүйелі түрде берілуі ағылшын тілі грамматикасын дұрыс пайдалану,яғни қатесіз сөйлеу, сөйлем құрастыру, жазу және өз ойын ағылшын тілінде жеткізуге мүмкіндік туғызуы сөзсіз.