Мәдени іс-шаралардың ақпараттық дайджесті. 2015 жыл, желтоқсан

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2015 жылдың 1-31 желтоқсан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

2 желтоқсан  (сәрсенбі) 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Нұрсұлтанның нұрлы жолы" атты көлемді кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз. Көрме 2-6 желтоқсан аралығында қызмет етеді.

2 қабат,  абонемент

 

7 желтоқсан  (дүйсенбі)

"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" атты кітап көрмесіне шақырамыз. Көрмеде жемқорлықпен күрес бойынша материалдар назарға ұсынылады.

3 қабат, оқу залы

 

7 желтоқсан  (дүйсенбі)

Академик, Социалистік Еңбек Ері,1955 жылы құрылған Қарағанды тау кен институтының алғашқы ректоры (қазіргі кезде Қарағанды техникалық университеті), Қазақ СССР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты А. Сагиновтың 100 жылдық мерейтойына арналған "Қазақстан ғылымы мен білімінің абызы" атты кітап көрмесіне шақырамыз.

2 этаж, отдел краеведения

 

10 желтоқсан (бейсенбі)

Шығармашыл жастарды "Қазақстан Тәуелсіздігі – халық игілігі" атты интеллектуалдық ойынға қатысуға шақырамыз. Негізгі тақырыптар "Тәуелсіздік тарихы", "Ұлт айнасы", "Сүйікті қалам – Қарағанды" атты үш бағытты қамтиды.

3 қабат, оқу залы

 

10 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған "Тәуелсіздік қасиетті ұғым" атты кітап көрмесі.

3 қабат, оқу залы.

 

13 желтоқсан (жексенбі) сағат 11.00

Америка бұрышы белсенділерінің қатысуымен "ҚР Тәуелсіздік күні" атты дөңгелек үстел өтеді.

2 қабат, конференц-зал

 

21 желтоқсан (дүйсенбі) сағат 14.00

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған "Жас өлкетанушы" үйірмесінің отырысы өтеді.

 

23 желтоқсан (сәрсенбі) сағат 15.00

Жаңа жылдық қайырымдылық шарасы. Ұйымдастырушылар Америка бұрышы. Жаңа жылдық тосын сыйлармен, викториналармен балаларға арналған ертеңгілік.

2 қабат, конференц-зал

 

27 желтоқсан (жексенбі)

Қазақ әдебиетінің зерттеушісі, әдебиет сыншысы М.Қаратаевтың өмір жолы мен қызметіне арналған "Әдебиет жүрегінің тамыры" атты кітап көрмесінің материалдарын назарға ұсынамыз.

2 қабат, абонемент.

 

30 желтоқсан (сәрсенбі)

Ақын, прозашы, ағылшын әдебиетінің классигі, әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығына ұсынылған алғашқы ағылшын Д.Р. Киплингтің (1865-1936) 150 жылдығына арналған кітап көрмесіне шақырамыз. Ол "Маугли", "Рикки-тиккитави" шығармасының авторы ретінде көпшіліктің есінде қалған.