2015 жыл ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы.
Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығы тарих үшін қас – қағым сәт қана. Талай –талай мазмұны оқиғалар тізбегі көз алдымызда сайрап жатыр. Бұның бәрі Тәуелсіздік шежіресі, Тәуелсіз қазақтың тарихы.
Осыған орай Н.В. Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында әр жыл сайын 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне бірнеше шаралар өткізіп келеді. Шындық – қазақ елінің мейманасы тасып, мерейі өскен қазіргі еркіндік шағы. Ел еркіндігінің жалауындай күні бүгінде нұр шашып тұр. Кеңес империясының зорлық зомбылығына, ұлт рухын қорлауына төзбеген қарусыз қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы қарсылығы елге, жерге ие болудың - бодандық бұғауынан құтылып, бостандыққа ұмтылудың өршіл бастамасы еді. Отаршылардың «Надан» деп қорлауынан біржола құтылған азат халықтың – қазақтардың көк туы заңғар аспаннан желбіреп көрінсе, ол елдігіміздің ірге тасы мықтап қалана бастағанының белгісі. Рас, ел өз тұғырын биіктеткен ерлеріне арқа сүйейді, ал ерлері туған жұртын, елін пана тұтады. Өмір толқынында, жаһандық арасында «Қазақстан Республикасы» атты кемеміз желкенін қисайтпай түзу жүзіп келеді. Ел кемесінің тізгіні сенімді басқарушыда – тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында. Осынау ұлттық өрлеудің, қайта жаңғырудың аясында атқарар жұмысымыздың сан – салалы екені өз алдына. Мемлекет құрушы қазақ ұлтының шын мағынасындағы жер иесі екендігін өзгелерге мойындату әрі олардың қазақ халқына деген құрмет сезімін оятудың мәні ерекше. Бұл орайда ұлттық құндылықтарымызды : рухани бай қазыналарымыз бен тектілігімізді, қазақтық қалпымыз бен салт –дәстүрімізді тәуелсіз еліміздің шежіресін бүгінгі ұрпаққа насихатауға қаламыздағы Гоголь атында ғылыми кітапхана айрықша көңіл бөлуде. «Тәуелсіздік - қасиетті ұғым» атты кітап көрмесіне қойылған кітаптарымызға, журналдар мен газеттер беттерінен жаныңа шуақ құятын тарихи шығармаларды да, білім көкжиегін кеңейтетін тарихи материалдарды да, езу тартқызар қызықты жайларды да табуға болады, оқырмандарымыз ерекше көп әсер алуда. Ал енді қаламыздағы оқырман жастарымызға біз Қазақстан Республикасының басынан,тәуелсіздік алғанша, қандай тарихи оқиғалар өткеніне байланысты шолулар, әңгімелер , өтуде. Кітап көрмесі оқырмандарға, студенттерге қалың оқырман қауымдарға арналды. Біз елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан тәуелсіздік алды. 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасын Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. Егеменді ел болып, Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәті – Қазақстанның әрбір азаматы үшін қуаныш, көл көсір зор оқиға, тарихтың үлкен бетбұрысы. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған қазақ халқы үшін, бұл шынында да айтып жеткізілмейтін мол бақыт, асыл арманның жүзеге асуы еді.