Мәдени іс-шаралардың ақпараттық дайджесті. 2016 жыл, қаңтар

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2016 жылдың 1-31 қаңтар күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

5 қаңтар (сейсенбі) сағат 10.00-де

"Педагогикалық оқу" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Тәттімбет атындағы өнер колледжінің оқытушылары мен студенттері үшін абонемент, өнер туралы әдебиеттер бөлімі мен мерзімді басылымдар секторы бірлесе әзірлеген "В человеке все должно быть прекрасно…": атты ақпарат күні өткізіледі.

2 қабат, абонемент

 

5 қаңтар (сейсенбі)

Көрнекті ғалым-түрколог, Абай мен Шәкірім шығармашылығын зерттеуші Қ. Мұхамедхановтың (1916-2004) 100 жылдығына арналған "Ойы биік, жаны таза ғалым" атты кітап көрмесіне шақырамыз.

Қ.Мұхамедханов 1916 жылы 5 қаңтарда Семей өңірінде дүниеге келген. 1940 жылы Семей қаласының Н.К. Крупская атындағы (қазіргі Шәкәрім атындағы) педагогика институтын үздік тәмамдап, оқытушылыққа тағайындалды. Педагогика институтының студенті бола жүріп КССР жазушылар Одағының мүшесі болды. Әдеби қызметпен қатар республикамыздағы алғашқы әдеби-мемориалды Абай  мұражайының ашылуына белсенді ат салысты, кейін алғашқы директоры болды. Қырқыншы жалдары Қ.Мұхамедханов Қазақстан жазушылар одағының Семей облыстық өкілі болды. Сонымен қатар, Қ.Мұхамедханов 1945 жылы Республиканың Жоғарғы Кеңес Президиумымен бекітілген Қазақ КСР мемлекеттік әнұран мәтінінің авторы ретінде танылған. Ол Абайдың жиырмаға жуық өлеңін ғылыми-зерттеушілік қолданысқа кіргізді.

Қырқыншы жылдары Қ.Мұхамедханов өзінің пьесаларын жаза бастады. 1944 жылы Семей облыстық театрында оның "Лад", 1947 жылы "От фронта к фронту" пьесасы қойылды. Қ.Мұхамедхановтың қаламынан заманауи қазақстандық ғалым-әуезовтанушылардың ғылыми айналымына енгізілген ғылыми-зерттеу еңбектері туды: "Сын своего времени", "О рукописном наследий М.О. Ауэзова", "М.О.Ауэзов-семинарист".

Оның есімі барлық қазақстандық энциклопедияларға енген.

 

10 қаңтар (жексенбі) сағат 11.00

Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұщқыш-космонавты, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің өкілі, "Халық қаһарманы" атағының иегері Т.Мұсабаевтың (1951ж) 65 жылдығына арналған "Көк жүзінен бір жұлдыз көрінді анық" атты дөңгелек үстел өтеді.

2 қабат, конференц-зал

 

11 қаңтар (дүйсенбі)

М.Сәрсекенің 80 жылдығына арналған "Тарихи тұлғаны танытқан тарлан жазушы" кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.

2 қабат, абонемент

 

11 қаңтар (дүйсенбі)

Өлкетану бөлімінде жазушы, журналист В.И. Литвиновқа (1936-2012) арналған "С позиций сердца" атты кітап көрмесі ашылады.

2 қабат, өлкетану бөлімі

 

12 қаңтар (сейсенбі)

Елбасының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауына арналған "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты кітап көрмесінің материалдарымен  танысуға шақырамыз. Көрме жыл бойы қызмет көрсетеді.

3 қабат, оқу залы

 

12 қаңтар (сейсенбі)

Америка жазушысы Джек Лондонның (1876-1916) 140 жылдығына арналған "Моряк в седле" атты кітап көрмесі арқылы барлық Америка, ал аудармасын барлық әлем оқыған кітаптарымен танысуға шақырамыз.

2 қабат, абонемент

 

15 қаңтар (жұма)

Поэзия сүйер қауымды орыс ақыны, прозашы,аудармашы және әдебиет сыншысы, ХХ ғасырдың ұлы ақындарының бірі Осип Мандельштамның 125 жылдығына арналған "Сохрани мою речь..." атты кітап көрмесіне шақырамыз.

Ол Варшавада дүниеге келген. 1938 жылы репрессияға ұшырап, Владивостоктың Дальстрой түрмесіне айдауға жөнелтіліп, сонда қайтыс болған.

2 қабат, абонемент

 

19 қаңтар (сейсенбі)

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдағы өнерінің дамуына арналған "Өнермен елімді асқақтаттым" атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.

3 қабат, өнер туралы әдебиеттер бөлімі

 

25 қаңтар (дүйсенбі)

"Сұлулықты сүйген жазушы" атты кітап көрмесінің материалдары М. Сүндетовтың (1936-1999) 80 жылдығына арналған.

2 қабат, абонемент

 

25 қаңтар (дүйсенбі) сағат 14.00-де

Теміртау қаласының ақыны Т.Дубовскаямен "Жас өлкетанушы" үйірмесі қатысушыларының кездесуі өтеді.

2 қабат, конференц-зал

 

26 қаңтар (сейсенбі) сағат 11.00-де

Заманауи гуманитарлық колледжінің оқушылары үшін "Мен және менің құқығым" атты құқық сабағы өткізіледі.

2 қабат, абонемент

 

26 қаңтар (сейсенбі) сағат 11.00-де

Қ.Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналған "Тамырын тереңге тартқан бәйтерек" атты гуманитарлы колледж студенттерімен онлайн конференция өтеді.

2 қабат, конференц-зал

 

27 қаңтар (сәрсенбі)

"У времени в плену" кітап көрмесі. Көрме материалдары белгілі кеңес жазушысы Илья Эренбургтің (1891-1967) өмір жолы мен қызметі туралы сыр шертеді.

2 қабат, абонемент

 

29 қаңтар (жұма)

"Любовь к истине" кітап көрмесі француз әдебиетінің классигі, Нобель сыйлығының лауреаты Ромен Ролланның (1866-1944) өмірі мен қызметі туралы сыр шертетін әдебиеттерді ұсынады.

2 қабат, абонемент