Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2016 жылдың 1-31 наурыз күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті
Наурыз айы "Алғыс айту күні" атты жаңа мерекемен толықты. 2016 жылдың 14 қаңтарында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жарлығымен елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасқан күні яғни 1 наурыз күні мерекеленетін Алғыс айту күні мерекесін бекітті. Елбасы 2015 жылы ҚХА 20 жылдығына арналған мерейтойлы сессиясында алғаш рет аталмыш мерекені атап өтуге ұсыныс жасады. Алғыс айту күнін мерекелеудің негізгі бағыттары:
- Алғыс айту философиясы. Қазақ халқына тән сонау заманнан сақталып келе жатқан "Асар", "Жылу", "Бата", "Сүйінші", "Көрімдік", "Сарқыт", "Ас беру" және т.б. өнегелік, адамгершілік дәстүріміз.
- Алғыс айту тарихы. Қазақстан халқы ассамблеясының тарихы. Бұл күндібарлық ұлттардың бір-біріне және ұлттарды туғанындай жылы шыраймен, мейірімділікпен қабылдаған қазақ халқына алғыс білдіру күні ретінде мерекелеу.
- "Туған еліме мың алғыс". Балалар мен жастарды тәрбиелеуде зор еңбектері сіңген ата-аналарға, тұлғаларға алғыс, Қазақстанның әлем сахнасында даңқын шығаруда үлес қосқан мамандық иелері, дәрігерлер мен спортшыларға алғыс.
1 наурыз (сейсенбі)
Алғыс айту күніне арналған кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз. Көрмеде Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктері туралы, мемлекетіміздің қалыптасуына үлес қосқан көрнекті тұлғалар, спортсмендер, дәрігерлер, ұстаздар, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері туралы мақалалар ұсынылған.
1 наурыз (сейсенбі) 11.00
Театр өнерін сүйер қауым үшін Қазақ КССР-ның еңбек сіңірген әртісі Х.Елебекованың 100 жылдығына арналған "Асыл ана – ғасыр ана" атты кештің қонағы болуға шақырамыз. Өз шығармашылық жолын Қарқаралы халық театрынан бастаған. Кейін Қазақ драма театрында еңбек жолын жалғастырды. Театр сахнасындағы алғашқы рөлі Ж.Шаниннің "Арқалық батыр" спектакліндегі Қарагөз рөлі болды. Ол жүзге жуық рөлдерді сомдаған, негізгілері қазақ драмасының классикалық репертуарлары болып табылады. Кештің ерекшелігі – актрисаның туған жері Қарқаралы қаласындағы қадірлеушілері онлайн-режимде кешке қатысып, өз үлестерін қосады.
3 қабат, оқу залы.
2 наурыз (сәрсенбі)
"Әйел – асыл жандар" атты кітап көрмесінің материалдары 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінің тарихы жайлы, ел дамуына зор үлес қосқан әйелдер мен қарапайым аналар туралыбаяндайды.
3 қабат, оқу залы
4 наурыз (бейсенбі)
Аналарға арналған кітап әлемінің байлығын ұсынған "Ана - өмір бастауы" атты кітап көрмесіне шақырамыз.
2 қабат, абонемент
13 наурыз (жексенбі) 11.00-де
Жастар қауымын интеллектуалдық ойын түрінде өткізілетін "Наурыз – шаттық әніміз" атты Наурыз-шоуға қатысуға шақырамыз.
2 қабат, конференц-зал
14 наурыз (дүйсенбі) 12.00-де
"Жас Өлкетанушы" үйірмесінің" - "Мы все в ответе за нашу планету" атты өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге арналғанотырысы өтеді.
2 қабат, конференц-зал
15 наурыз (сейсенбі) 15.00-де
"Қарағанды облысы тарихы, болмысы, болашағы" атты үнемі жұмыс жасайтын кітап көрмесінің тұсаукесерімен Қарағанды облысының 80 жылдығына арналған мерекелік шаралар бастау алады.
3 қабат, оқу залы
15 наурыз (сейсенбі)
Оқырмандар назарына "Наурыз – рухани жаңару мерекесі" атты мерекелік кітап көрмесінің материалдарын ұсынамыз.
3 қабат, оқу залы
17 наурыз (бейсенбі)
"Ұлыстың ұлы мерекесі – Наурыз!" атты кітап көрмесіне абонемент бөлімінің оқырмандарын шақырамыз.
2 қабат, абонемент
20 наурыз (жексенбі)
"Праздник весны и обновления" атты дөңгелек үстеліне шақырамыз.
2 қабат, конференц-зал
27 наурыз (жексенбі) 11.00-де
"Любви роскошные страницы": Қарағандылық ақындар мен клуб мүшелерінің шығармашылығына арналған Әдеби қонақжай клубының отырысы.
28 наурыз (дүйсенбі)
Актер, әнші, Қазақ Ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі М.Ержановтың 115 жылдығына арналған "Ән еркесі – Манарбек" атты кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.