Мәдени шаралар дайджесті. Сәуір.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2016 жылдың 1-30 сәуір күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

4 сәуір (дүйсенбі)

"Денсаулық - ел байлығы=Здоровье – народное богатство" атты кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз. Көрменің басты идеясы - "денсаулығымыз өз қолымызда".

3 қабат, оқу залы.

 

4 сәуір (дүйсенбі)

"Ұлтың ұлы жыршысы = Великий народный певец" атты кітап көрмесі. Кітап көрмесінің материалдары ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы көрнекті тұлғалардың біріақын Дулат Бабатайұлының шығармашылығына, 2016 жылғы "Бір ел-бір кітап" Акциясында таңдап алынғаншығармалар жинағына арналады. "Өсиетнама" атты алғашқы жинағы Қазанда 1880 жылы жарыққа шыққан болатын

3 қабат, оқу залы.

 

4 сәуір (дүйсенбі)

Геологиялық-минерология ғылымының докторы, профессор, кеңес геологы А.А. Гапеевтің (1881—1958 гг.) 135 жылдығына арналған "Отец угольнойй Караганды" атты кітап көрмесі. 1930-1938 жылдары оның басшылығымен өткізілген барлау жұмыстарының арқасында КСРО көмір базасы үшінші орынға шықты.

2 қабат, өлкетану бөлімі.

 

5 сәуір (сейсенбі) сағат 11.00

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған "Ұлттық аспаптар үніндегі құдірет" атты шығармашылық кештің куәсі болыңыздар. Кеш ұлттық тәрбие мен білімнің кілтіне айналған киелі аспап – домбыраға арналады.Кеш барысында домбыраның тарихы, домбыра өнерінің жанрлық сан қырлылығы, домбыра жасау өнері жайлы әсерлі әңгіме өрбіп, домбырадан күй төгіледі.

3 қабат, оқу залы.

 

6 сәуір (сәрсенбі) сағат 11.00

Жастар қауымы үшін Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған "Степью взлелеянный сын" атты оқу сабағы өтеді.

2 қабат, абонемент.

 

8 сәуір (жұма)

Ғарышкерлер күніне арналған "Байқоныр – ғарыш есігі =Байконур – дверь в космос" атты кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

14 сәуір (бейсенбі) сағат 15.00

Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерімен өтетін Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған "Қазақстан – достықтың киелі бесігі" атты кездесу діңкуәсі болыңыздар

2 қабат, конференц-зал

 

15 сәуір (жұма) сағат 11.00

Қазақ халқының Қозы Көрпеш-Баян Сұлу Ғашықтар күніне  арналған "Махаббаттың жалынды жыршысы" атты онлайн-кездесу өтеді.

2 қабат, конференц-зал

 

18 сәуір (дүйсенбі) сағат 14.00

Қарағанды облысының 80 жылдық мерейтойына, тарихына, жергілікті біртуар тұлғаларға, заманауи даму кезеңдеріне арналған "Жас өлкетанушылар" клубының "Мой край родной" атты кезекті отырысы өтеді.

2 қабат, өлкетану бөлімі

 

20 сәуір (сәрсенбі)

Қазақ халқының жазушысы Қ. Жұмаділовтің шығармашылығына арналған "Қарасөз Дарабозы" атты кітап көрмесі.

2 қабат, абонемент

                              

21 сәуір (бейсенбі) сағат 15.00

Барша оқырман қауымды Дүниежүзілік кітап күні қарсаңында өтетін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Кітап – уақыт пен кеңістік тынысы=Книга – дыхание времени и пространства" атты фестивальға шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал.

 

21 сәуір (бейсенбі) сағат 11.00

"Живое слово" жинағының тұсаукесері өтеді. Жинақтың авторлары кезінде Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапхана негізінде жұмыс істеген көркемсөз секциясының мүшелері болып табылады. Осы жинақтағы естеліктерін секцияның негізін қалаушы, жетекші, қайталанбас тұлға Л. Фонаревке арнаған.

2 қабат, конферен-зал

 

21 сәуір (бейсенбі) сағат 12.00

Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған "Ақындықтың дара тұлғасы" атты презентацияға шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

24 сәуір (жексенбі) сағат 15.00

Халықаралық кітаптар бөлімі Америка бұрышымен бірлесе отырып "Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп таңданар =Охранять природу — значит охранять Родину" атты балалар сурет байқауының қорытындысын жариялайды.

2 қабат, конференц-зал

 

24 сәуір (жексенбі) сағат 11.00

Алғашқы кітаптары жарыққа шыққан қарағандылық авторларға арналған Әдеби қонақжай клубының отырысы.

2 қабат, конференц-зал

 

28 сәуір (бейсенбі)

Шетел әдебиетінің шоқтығы биік шығармаларының бірі "Убить пересмешника" романының авторы, американдық жазушы Ли Харпердің (1926-2016) 90 жылдығына арналған "Есть в ней что-то особенное" атты кітап көрмесіне шақырамыз. Бұл роман 1960 жылы 11 шілдеде жарыққа шығып, Пулитцер сыйлығының иегері атанды. 1999 жылы "Жүзжылдық үздік америкалық роман" ретінде танылды.

2 қабат, абонемент

 

29 сәуір (жұма) сағат 19.00-24.00 аралығында

Баршаңызды дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан "Гоголевкадағы Кітапхана түні" Акциясына шақырамыз. Әдеттегідей қатысушыларды тосын сыйлар, сыйлықтар, ойындар мен викториналар күтеді.

1 қабат, кітапхана холлы