«Гоголевкадағы» Кітапхана түні-2016

"Кітапхана түні" акциясы – оқуды қолдауға бағытталған көлемді шара. Бұл түні кітапхана әдеттен тыс уақытта өз есігін айқара ашып, әдеттен тыс уақытта өз есігін айқара ашып, оқырмандары үшін ерекше форматта қызмет көрсетеді.

Акция 29 сәуір күні сағат 20.00-де басталады. "Гоголевкадағы кітапхана түні" 2016 жылдың басты оқиғалары болып табылатынҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қарағанды облысының 80-жылдық мерейтойына арналады.

Кітапхана түні барысында 10 алаң қызмет көрсетеді:

  1. "Білім сіздің күні қараң" ойын викторинасы (0 қабат)
  2. "Где, где? В Караганде" гитара Party (1 қабат)
  3. "Менің Қазақстаным!" интеллектуалдық ойыны (1 қабат)
  4. "Творчество и чудотворство" клубы қатысушыларының "HandMade" сатылым көрмесі. "Біз" сөзінде – жүз мың "Мен" немесе "Достық ағашы" (1 қабат)
  5. "Вместе весело шагать по просторам" байқаулары. "Дом моделей от Кардена Түлкібаева", "Фото 3D+3D+3D", "Кафе у апашки" жұмыс жасайды және т.б. (1 қабат).
  6. "Кітапқұмар отбасы" интеллектуалдық, музыкалық-танымдық шоу (2 қабат)
  7. "Интеллект аймағы" барлық жастағы топтар үшін ойындар мен байқаулар:"Полиглот" байқауы, "Қарағанды картасын жина" ойыны, "Гоголь кештері" ойыны (2 қабат)
  8. "Тәуелсіздіктің төл перзенттері" жас ақындар мүшайрасы (2 қабат)
  9. "Ғажайып Felting" киізден бұйымдар жасау бойынша мастер-класс (3 қабат)
  10. "Ұлттық қазына" квест ойыны
  11. "Нумерология - сандар магиясы" сандар бойынша түсіндірме, жорамалдау

Акцияның ашылу салтанатында"Отбасымызбен оқимыз" атты фотобайқау мен "Дулат Бабатайұлының мұрасы" атты аудармалар байқауының қорытындылары шығарылады.

20.00- ден 21.30-ға дейін төмендегі мастер-кластар өткізіледі: (3 қабат, оқу залы):

  • Жұқа киізден тұмаршалар жасау
  •  Мехенди (қолға қынадан сурет салу)
  •  Арт-маникюр
  • Қас макияжы
  • "Тәтті ассорти" (кондитерлік тағамдар жасау)
  • "Невеста на выданье" (қолданбалы қолөнер бойынша мастер-класс)

20.00-ден 21.30-ға дейін"Су - өмір бұлағы" атты "ВодаХрустальная" сауда белгісінің промо-акциясы (интеллектуалдық ойындар мен викториналар) (3 қабат, оқу залы)

22.00-де - "Библиодрайв" дискотекасы басталады (3 қабат, оқу залы).

23.30-да – барлық алаңдар бойынша қорытынды жасалып, негізгі сыйлықтар ұсынылады.

24.00-де – "Кітапқа-Салют" дәстүрлі от шашуы.

Кеш барысында Сіздер үшін жұмыс істейді:

  • "Оқуды ұсынамыз" әдеби кафе-бары жұмыс жасайды. Барменнің әдеби сұрақтарына дұрыс жауап берген келушіге салқындатылған сусындар, кофе, шай ұсынылады. (1 қабат, қонақ бөлмесі).
  • "Мені өзіңмен ала кет" кітаптар шопингі
  • "Өзің жазыл да, досыңды жаз"Акциясы. Кітапхана жазылғандардың бәріне, досы үшін ақысыз жазылуға мүмкіндік беретін билет ұсынылады.

Белсенді әрі креативті  жастарды күтеміз!

Келіңіздер, бізде өте қызықты болады!